қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.05.2020

Хабарландыру


2020 жылдың 28 мамыры күні «Хакім Абай даналығы «Толық адам» ілімінде» халықаралық on-line-семинары өтеді. Ұлы ақын һәм ағартушының 175 жылдығына арналған онлайн басқосуға отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысады.


Шарада «Хакім Абай даналығының зерттелуі», «Абайдың - «Толық адам» ілімі», «Абай даналығы және ұлттық рухани құндылықтар» тақырыптары талқыланады.


Жиында Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институты, Ғаламдану және экономикалық саясат орталығының басшысы Оразалы Сабден, «Еуразия перспективасы» компаниясының президенті Зифа Әуезова, Түркияның Мұғла Сыткы Кочман университетінің профессорлары Али Аббас Чынар, Екрем Аян, Фырат университетінің профессоры Ержан Алкая, Қырғыз білім беру академиясының Мемлекеттік тіл жаңа көп тілді білім беру лабораториясының басшысы, профессор Сулайман Казыбаевич Рысбаев, Қарақалпақстанның Қарақалпақ гуманитар ілімдер ілім зерттеу институтының профессоры «Қарақалпақ әдебияты» бөлімінің бастығы Зияда Утепбергеновна Бекбергенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай» ҒЗО директоры, доцент Жабал Шойынбет және тағы да басқа ізденушілер тақырып төңірегінде мазмұнды ой айтып, пайымды пікір білдірмек.


Ұйымдастырушылар: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті, Академик C.Қирабаев атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

   

 

   



216

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler