қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
19.04.2017

ЭКСПО-2017: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ


         Университет басшысының бекіткен кестесіне сәйкес, Тарих және құқық институтында 2017 жылдың 19 сәуірінде «ЭКСПО-2017: Халықаралық көрме қарсаңындағы әз-Наурыз» атты думанды мерекелік кеш өте көңілді де жайдары жылу лебі сезіліп өтті. Концерттік бағдарламамен өрілген думанды мерекелік кеште институт құрамындағы 5 кафедра қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін білім алушы жастарға кеңінен таныту және насихаттау мақсатында келесідей сахналық көріністер қойды: «Қызға сырға салу» рәсімі - Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы, «Құдалық» рәсімі - Әлем тарихы кафедрасы, «Құйрық-бауыр асату» дәстүрі - Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы, «Тұсау кесер» дәстүрі - Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы, «Қыз бен жігіт айтыс» өнері - Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы.

         Кеш барысында жоғарыдағы сахналық көріністер қазылар алқасы тарапынан әділ бағаланып, «Ең үздік көрініс» номинациясы ойнатылды. Бұл номинацияны «Құдалық»  рәсімін өте жоғары деңгейде көрсете білген «Әлем тарихы» кафедрасы иемденіп, институт директорының атынан ГРАМОТАМЕН марапатталды. 

          Іс-шараға қатысушы институттың профессор-оқытушылар құрамы арасында «Ең үздік ер киім», «Ең үздік әйел киім» номинациялары ойнатылып, бұл номинациялар бойынша ерлер арасында  «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Ғали Әзімбай, әйелдер арасында «Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасының  профессоры Гүлжазира Болатқызы Мейірбекова иемденіп, институт директорының атынан АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды. 

        Ұлттық ойындарға ұласқан думанды кеште ұлттық ойынның «АРҚАН ТАРТУ», «КІР ТАСЫН КӨТЕРУ», «ҚОЛ КҮРЕС» түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, «Арқан тарту» сайысы бойынша «БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР» командасы жеңіске жетіп, институт директорының атынан ГРАМОТАМЕН марапатталды. 

       «Кір тасын көтеру» сайысы бойынша І орынды - Тарих мамандығының 4 курс студенті Алтаев Мейіржан, ІІ орынды - Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Бейсен Бағдат, ІІІ орынды - Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Серғали Айбек иемденіп, институт директорының атынан ГРАМОТАМЕН марапатталды. 

       «Қол күрес» сайысы бойынша І орынды - Дінтану мамандығының 2 курс студенті Балғабек Мәди, ІІ орынды - Құқықтану мамандығының 4 курс студенті Раушанбек Дәурен, ІІІ орынды - Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Амангелді Айсұлтан иемденіп, институт директорының атынан ГРАМОТАМЕН марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



155

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler