қазақша · русский · english
 
 
 

Қазақстанда алғаш рет 1st Scopus Award Ceremony салтанатты марапаттау рәсімі 13 қарашада Астанада өтті. Scopus мәліметтері бойынша, үздік зерттеушілер марапатқа ие болды. «Әлеуметтік ғылымдар саласындағы үздік зерттеушілер» аталымы бойынша «Best Researcher in Social Sciences» номинациясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары- заң ғылымдарының докторы, профессор Жанна Хамзинаға және заң ғылымдарының докторы, «Заңтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаевқа әлемдік ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін тапсырылды.

 

2018 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын 7 ғалым жеңіп алды: Жумабаева А.Е., Кусайнов Д.У., Бостанов Б.Г., Бурибаев Е.А., Бисембаев К., Ахметова А.К., Қалыбекова М.Ч.

 

2017 жылы академик А.С.Бейсенова жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері атанды.

 

2017 жылы ф.-м.ғ.д., профессор Бердышев А. С., б.ғ.д., профессор Мыңбаева Б. Н., PhD доктор Байшемиров Ж. ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.

 

2017 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын университетіміздің 6 ғалымы жеңіп алды: Косов В.Н., Намазбаева Ж.И., Тургунбаева Р.К., Абишева С.Д., Сманова А.С., Ошанова Н.Т.

 

2016 жылы мемлекеттік және үкіметтік марапаттар мен атақтарға ғылым докторлары / профессорлар Толенбек И.М. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ишпекбаев Ж.Е.,Шілдебаев Ж., Смагулов А. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медаліне, Шарахымбай Б.Ж «Құрмет» орденіне ие болды.

 

2016 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын 6 ғалым жеңіп алды: Есенова К.О., Тлебаев К.Б., Рахметова Р.С., Искакова А.Т., Ибраева К.Е., Жунисова М.А.

 

2016 жылы доцент Балғазина Б.С. ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.


2015 жылы мемлекеттік және үкіметтік марапаттарға профессор Кенжебаев Г.К., Бидайбеков Е.Ы., Жұмағұлов Б. С. («Құрмет» ордені) ие болды.

 

2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықты академик Пірәлиев С.Ж. пен профессор Нуриев М.А алды.

 

2015 жылы профессор Мұсатаева М.Ш. ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.

 

Бұдан басқа, 2005 жылы академик С. С. Кирабаев «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды (2005), ал 2014 жылы мемлекеттік және үкіметтік наградалар мен атақтарды ғылым докторлары/ профессорлар А.С.Бейсенова («ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы), Т. Аяпова («Құрмет» ордені), С.Ж. Пірәлиев (Француз Академиялық Пальма тармағы орденінің кавалері) иеленді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірқатар профессорлары Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы «Көрнекті ғылыми жетістіктер» үшін берілетін мемлекеттік сыйлығының иегерлері: Уалиев Гахип Уалиевич (1982 ж.); Сабит Мұрат Сабитұлы (1984); Күлбек Марат Құлбекұлы (2003); Бейсенова Әлия Сарсенқызы (2013).

 

  

 

  

442
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler