қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.02.2020

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты және «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы (РОСО) ЖОО-ның студенттерін «Үш тұғырлы тіл» саясатының орындалу стратегиясы аясында жаратылыстану пәндері бойынша жүргізілетін Халықаралық олимпиадасына қатысуға шақырады.


Өту мерзімі: 2020 ж. 28-29 ақпан.


Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, РОСО «Балдаурен-Қашпағай».


Жұмыс тілдері: ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі.

Олимпиада мақсаты - жастардың зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және педагог мамандығын дәріптеу мақсатында жүргізіледі.


Олимпиадаға қатысушы команда 3 студенттен құралады.


Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
І кезең - «Неге Мен педагог мамандығын таңдадым» тақырыбында ұзақтығы 5 минуттық видеоклип жасап, электронды поштаға 27 ақпанға дейін жүктеу.
ІІ кезең - шығармашылық тақырыпта «Эссе» жазу.
ІІІ кезең Педагогикалық тақырыпта кейстің шешімін қорғау.

Олимпиаданың программасы:
Қатысушылардың келуі - 27 ақпан
Ашылу салтанаты - 28 ақпан, 10:00
10:30 -12:30 - 2-кезең - «Эссе» жазу / Қазылар алқасының қатысушылардың видеоклиптерін бағалауы
16:00-18:00 - 3 кезең - кейстер
Қорытындылау және Олимпиаданың жабылу салтанаты - 29 ақпан, 10:00

 

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ). «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы (РОСО)

Олимпиаданы ұйымдастырушылар мекен-жайы:
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы 13, Абай атындағы ҚазҰПУ.
Байланыс телефондары: +77027777583,+77077117795, +77051823232, е-mail:isso.kaznpu.edu@gmail.com

Қатысушы анкетасы



243

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler