қазақша · русский · english
 
 
 
 Нұрғалиева Ұлмекен Сатымқызы
ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің ғалым-хатшысы
Психология ғылымдарының кандидаты
Достық даңғылы, 13
 +7(727)-291-90-13
umo_kaznpu@mail.ru

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Білім» тобы мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі құрамына (әрі қарай Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша ОӘБ) оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейдегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын профильді және кәсіби білімді мамандар әзірлеу бойынша білім беретін бағдарламаларды іске асыратын білім ұйымдарының өкілдері немесе олардың құрылымдық бөлімшелері (факультеттер, кафедралар, институттар және басқа) кіреді.


РОӘК ОӘБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер РОӘК ОӘБ мүшелері үшін ақпараттық сипатта, ал басқа университеттер үшін - білім беру үдерісінің практикасына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен өкімдерімен енеді(немесе олардың құрылымдық бөлімдері).


Оқу-әдістемелік бірлетігінің басты міндеттері:
- «Білім» тобы мамандықтары бойынша білім ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметтерінің өзара байланыстарын үйлестіруді жүзеге асыру;
- еңбек нарығы қажеттілігін есепке ала отырып, мамандықтар және мамандандырулар тізімі бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің Мемлекеттік стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары мазмұнын жаңарту және толық жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге мамандықтар бойынша пәннің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін оқулық, қолжазбалар және оқу құралдарына пікір жазу процедураларын ұйымдастыру;
- қазақстандық жетекші және шетелдің жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибелерін зерттеу;
- жоғары білім мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға және мәжілістерге қатысу;
- ұйымдарға және жеке тұлғаларға кеңес беру қызметтерін көрсету.

 

Оқу-әдістемелік бірлестіктің негізгі функциялары:
- қоғамды дамыту тенденциялары мен еңбек нарығына сәйкес педагогикалық кадрларды әзірлеу және қайта даярлаудың перспективалы бағыттарын анықтау;
- әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстандағы жоғары білімнің интеграциялануына атсалысу;
- ЖОО қызметтерін үйлестіру және байланыстарын дамыту, «Білім» тобы мамандықтары бойынша кадрлар әзірлеу; жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысының озық тәжірибелерін зерттеу және тарату;
- жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әдістемелік қамтамасыз ету; үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және т.б.
- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білім берудің барлық деңгейлерінің өкілдерін және жұмыс берушілерді тарта отырып, білім берудің көп деңгейлі құрылымын дамыту және жетілдіру арқылы үздіксіз білім берудің әртүрлі нысандарын дамыту жолымен жоғары білім мазмұнын жаңартудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу;
- РОӘК ОӘБ мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары шығарған оқулықтарды университеттер арасында қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу; пәндерге қатысты оқулықтармен қамтамасыз етуді бақылау;
- оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру, озық тәжірибелерді тарату, инновациялық оқыту технологияларын дамыту және енгізу, жоғары кәсіптік білім беру мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, ұсыныстар әзірлеу;
- жоғары оқу орындарын лицензиялауға, жоғары білім беруді дамытуға арналған құжаттарды дайындау мен сараптауға өкілдердің қатысуы.

 

 

255
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler