қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.12.2019

«Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі

 


 

2020 жылдың 5-17 қаңтары аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор-оқытушылар құрамы мен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі жұмыс істейді.

 

Қысқы мектеп аясында келесі модульдер бойынша курстар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады:

I. Курс «Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқытушылардың жұмыс ортасы (moodle), электрондық оқу-әдістемелік кешенін (ЭОӘК) әзірлеу және енгізу, пәнді сүйемелдеу»- 5-10 қаңтар;

II. Курс Студенттердің метапәндік оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмалар дайындау. Қатысушылар: университеттің профессор-оқытушылар құрамы-5-10 қаңтар;

III. Курс «www.bilimland.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz білім беру ресурстарын қолдану бойынша оқыту тренингтері («Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында)». Қатысушылар: университеттің профессор-оқытушылар құрамы-5-17 қаңтар;

IV. Курс-тренинг «Көлденең-циклдік ұйымдастыру құрылымын әзірлеу» Тренинг «Көшбасшылыққа бейімдеу қағидаттарын әзірлеу». Қатысушылар: ректор, проректорлар, институт директорлары, департамент директорлары мен құрылымдық бөлім басшылары-13-17 қаңтар;

V. Семинар «Білім беру ұйымдарына «Абайтану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері».

Қатысушылар: институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, докторанттар, магистранттар -5 қаңтар;

VІ. Семинар «Білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің еңбек нарығының жағдайы». Қатысушылар: директорлар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері-5 қаңтар;

VII. Семинар «Латын әліпбиін қолдану арқылы студенттерді қазақ тіліне оқыту тәжірибесі. Латын негізді қазақ жазуының өзекті мәселелері» . Қатысушылар: қазақ тілінде сабақ жүргізетін оқытушылар -6 қаңтар;

VIIІ. Семинар «Инновацияларды коммерцияландыру. Гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін өтінімдерді дайындау бойынша ұсыныстар. Scopus базасы журналдарындағы мақалаларды рецензиялау критерийлері». Қатысушылар: докторанттар, магистрантар, жас оқытушылар-6 қаңтар;

IX. Семинар «2019 жылы әзірленген білім беру бағдарламаларын талдау». Тренинг «Білім беру бағдарламаларын жобалау бойынша академиялық комитеттерді қалыптастыру және қызметі». Тренинг «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері мен міндеттері». Материалдарды әзірлеу және жаңа форматта ПОӘК қалыптастыру. Қатысушылар: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері-8 қаңтар;

X. Семинар «Халықаралық стандарт талаптары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жобалау». Қатысушылар: ректор, проректорлар, институт директорлары, институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, департамент директорлары мен құрылымдық бөлім басшылары -8 қаңтар;

XI. «Жоғары мектеп оқытушыларына арналған коучинг құралдары». Қатысушылар: университеттің профессор-оқытушылар құрамы -9 қаңтар;

XIІ. Семинар «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде Еңбек заңнамасын және «Білім туралы» Заңын қолдану». Қатысушылар: департамент, басқарма қызметкерлері, оқытушылар мен докторанттар-9 қаңтар;

XIІІ. Семинар «ЮНЕСКО-Қазақстан.Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі білім беру». Қатысушылар: оқытушылар, докторанттар, магистранттар-9 қаңтар;

XIV. Семинар «Білім беру сапасын басқару: жаңа философияны іздеу. «ЖОО-мектеп» құрылымындағы сапаны басқару моделі (Abai University жүйесінде, ЖОО стратегиясы, құрылымдық бөлімшелердің функциялары, олардың өзара байланысы)». Қатысушылар: оқытушылар, докторанттар, магистранттар-10 қаңтар;

XV. Семинар «Студент-жастарды тәрбиелеуді жетілдірудің өзекті мәселелері». Қатысушылар: институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, докторанттар, магистранттар-10 қаңтар.

 

Қысқы мектеп бағдарламасы

 

 



10

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler