қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.12.2019

«Мен билік алдында ешқандай кінәлі емеспін!» кітабінің тұсаукесер рәсімі

 

2019 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында академик Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы құрастырған «Мен билік алдында ешқандай кінәлі емеспін!» Қазақстандағы наразылық қозғалыстар тарихынан (1960-1980 жж.)» кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізеді.

 

Кітапта КСРО Прокуратурасының Қауіпсіздік органдарындағы тергеу істерін бақылау бөлімінің құжаттық материалдары алғаш рет жарияланып отыр. Бұл материалдармен танысуға соңғы уақытқа дейін тиым салынып, олар «аса құпия» деген белгімен сақталып келген.

 

Жарияланған құжаттар өкіметтің әлеуметтік саясатына, әсіресе оның ұлт мәселелеріндегі ұстанымына наразылықтың кеңестік биліктің соңғы сәтіне дейін үзіліссіз жүргендігін куәландырады. Кітапта сондай-ақ 1960-1980 жж. наразылық қозғалыстың қатысушылары мен куәгерлерінен алынған сұхбаттар да берілген.

 

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшы-мамандар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері қатысады.

 

Бағдарлама

 

 




156

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler