қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.11.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Сақтағанов Балабек Кеніштайұлының «Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.

Ғылыми кеңесшілер:

Сангилбаев Оспан Сейдуллаевич - психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жалпы педагогика және психология кафедрасының профессоры;

Мехмет Гувен - психология докторы, Гази университеті (Анкара, Түркия), психологиялық мамандықтар кафедрасының профессоры.

Рецензенттер:

Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы - психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және этникалық психология кафедрасының профессор м.а.

Перленбетов Мұрат Атенович - психология ғылымдарының докторы, профессор, Қайнар университетінің тәрбие істері жөніндегі проректоры.

Қорғау 2013 жылғы 25 желтоқсанда сағат 09:00-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 (3-қабат, 309 ауд.), сайт - www.kaznpu.kz; e-mail: amirova57@mail.ru

 

 

Аннотация

 

Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы

 

Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері

 

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы қоғамның жаһандық өзгеруі, қызметтік-ұрыстық іс-әрекеттің күрделі және динамикалық сипаты, халықаралық байланыстың кеңеюі әскери мамандардың алдына психология және педагогика пәндерін терең және берік игеру міндеттерін қойып отыр. Бұл жағдайда шығармашылығы жан-жақты дамыған тұлғаға деген қоғам қажеттіліктері де өседі.

Әскери институттарды модернизациялаудың заманауи кезеңдерінде курсанттардың жеке тұлғалық дамуы мен өзіндік білім алуына мүмкіндік беретін, белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке оларды тарту кезінде оқу-тәрбиелік үрдісті жетілдіруге ерекше назар аударылуда.

Қазіргі уақытта қарулану мен техника мәнді күрделенді, аз уақытта әрекет ете отырып, офицердің жетік игеріп орындайтын тәсілдері, әрекеттері және операцияларының көлемі өседі. Бүгінде креативті ойлау көбінесе әскери іс-әрекеттің барлық сферасында ақыл-ой еңбегінің үлесі мен шығармашылық шешімдердің өсуі, ерекше маңызды өзіндік таңдауда, жаңаны ашуда, білімін басқа жағдайға аударғанда, шынайы және стандартқа сай келмейтін мәселелік міндеттерді шешуде пайда болады. Осыған байланысты әскери институттарда болашақ офицерлердің креативті ойлауын дамыту міндеттері жеткілікті дәрежеде маңыздылығын және өзектілігін көрсетеді.

Мәселенің өзектілігі және қарама-қайшылығы мен автордың жеке қызығушылығы «Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері» зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу нысаны: әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамыту үрдісі.

Зерттеу пәні: психология және педагогика пәндерін оқытуда әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық шарттар.

Зерттеудің мақсаты психология және педагогика пәндерін оқытуда әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық шарттарды анықтау болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың теориялық негіздерін анықтайтын қағидалар жиынтығын айқындау және ғылыми негіздеу.

2. Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың критерийлерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.

3. Әскери психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту арқылы әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың теориялық моделін жасау және оқыту технологиясы ретінде жүзеге асыру.

4. Әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелерді тәжірибелік-эксперименттік жолмен айқындау және негіздеу.

Зерттеу әдістері: танымның жалпы теориялық әдістері (талдау, синтез, ұқсастық, салыстыру, толықтыру, топтастыру, жүйелеу, типтеу, үлгілеу және т.б.); жалпы психологиялық-педагогикалық әдістер; болжамдық-верификациялық әдістер (эксперттік бағалар, жеке және топтық экспертиза, жариялық әдіс, конференция, ғылыми-әдістемелік семинар түрінде талқылау); математикалық статистика әдістері және т.б.

Зерттеудің негізгі нәтижелері, олардың ғылыми жаңалығы төмендегілерден тұрады:

- әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың теориялық негіздерін анықтайтын қағидалар жиынтығы ашылды және ғылыми негізделді;

- әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамытудың критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды және негізделді;

- арнайы жобаланған оқыту технологиясында жүзеге асырылатын, психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту арқылы курсанттардың креативті ойлауын дамытудың теориялық моделі жасалынды;

- психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша сабақтарда өскен сайын күрделенетін жобаны шешуге курсанттарды кезең-кезеңмен тарту және мәселелік оқу міндеттерін қою негізінде тұлғаның креативті ойлауын жемісті дамыту үшін оқыту технологиясын қолдану мүмкіндігі экспериментті түрде дәлелденді;

- өз кезегінде әскери институтты бітірушінің кәсіби дайын болуын және берілген міндетті тікелей орындауын қамтамасыз ететін, креативті ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызатын психологиялық-педагогикалық шарттар негізделді.

Зерттеудің тәжірибелік мәні теориялық ережелер мен қорытындылар психологиялық-педагогикалық пәндерден білім беру барысында әскери институт курсанттарының креативті ойлауын дамыту мәселелерін тиімді шешу үшін алғышарттар туғызады және осы мақсатта басқа оқыту мекемелерінің жоғары кәсіби білім беру жүйесінде, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша сабақ өткізуде курсанттардың креативті ойлауын дамытуға бағытталған оқыту технологиясын негіздеуде; психологиялық-педагогикалық пәндерден білім беру үрдісінде курсанттардың креативті ойлауын дамыту бойынша әскери институттардың оқытушылары үшін тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды жасау және негіздеуде қолданылуы мүмкін.

 

Аннотациялар

Диссертация

 

 

 



640

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler