қазақша · русский · english
   
 Ахметов Бақытжан Сражатдинұлы
Білімді ақпараттандыру департаментінің директоры
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Достық даңғылы, 13 каб.424
 293-92-68

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру (БажҚББ) орталығы Университеттің Жарғысы, Орталықтың Ережесі негізінде жұмыс жасайды және тікелей бірінші проректорға бағынады.

 

Орталықтың негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби- педагогикалық шеберлігін жетілдірудің тиімді жүйесін әзірлеу;
- Оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мамандарды даярлаудың тиімділігі мен сапасын жоғарылату.

 

Орталықтың міндеттері:


Біліктілікті арттыру саласында:
1. Жоғарғы оқу орынның педагогикалық және орта білім беру құрамында өзгерістерді бейнелейтін біліктілікті арттырудың жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
2. Білім беруде заманауи әлемдік беталыстарды бейнелейтін білім беру жұмысшыларының біліктіліктерін арттырудың жаңа трендін құру.
3. Жоғары оқу орындарының оқытушыларының және орта білім беру педагогтарының кәсіби-педагогикалық дайындық деңгейіне және нәтиже ретінде кәсіби, техникалық және орта білім беру оқушылардың білім сапасына әсер ету.
4.TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінде қазақстандық білім беру рейтингісін педагогикалық жұмысшылардың біліктілігін арттыру құралдарымен жоғарлату.

 

Қашықтықтан білім беру саласында:
- қашықтықтан білім беру технологияларын қолданумен бакалавриаттың (екінші жоғары білім және орта арнайы білім негізінде), магистратура және докторантураның жылдамдатылған білім беру бағдарламаларын құру;
- докторантура, магистратура және бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету, соның ішінде қашықтық маркетінгтік құрал-жабдықтарын қолданумен;
- магистрлік білім беру бағдарламаларына және бакалавриаттың жылдамдатылған бағдарламаларына (екінші жоғары білім және орта арнайы білім негізінде), магистратура және докторантураға қабылдауды ұйымдастыру;
- қашықтық технологияларын қолданумен университетте барлық білім беру бағдарламаларын ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қолдау;
- қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы біліктілікті арттыруды ұйымдастыру;
- дәстүрлі оқыту формаларының артықшылықтарымен қашықтық технологияларының мүмкіндіктерін оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыру үшін blended learning (аралас оқыту) технологиясын енгізу;
- оқу процесін қамтамасыз етуге арналған қаржы шығынын төмендету.

 

6
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler