қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2020

«Айтылған тарих» орталығы Қазақстан мен Польша арасындағы байланысты нығайтады


Біздің университетте «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы бүгінде жемісті қызмет етуде. Орталық 2019 жылы  Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға жер аударылған Ванда Исанскаяның естеліктер кітабын, сонымен бірге сол кездегі поляк және қазақ балаларымен естеліктер мен сұхбаттар жинағын жарыққа шығарды. Бұл еңбектер поляк қоғамында үлкен құрметпен қабылданып, ол жөніндегі поляк зиялысы Тадеуш Исанскийдің пікірі газет бетінде жарияланды: https://www.nowytydzien.pl/swiadectwo-zapomnianych-zeslancow/.

 

Ал биыл польшалық әріптестер Варшавадағы «Zwiazek Sybirakow Zarzad Glowny» (Союз Сибиряков) аталатын репрессия құрбандарын еске алу қоғамының сайтына https://www.sybiracyzg.pl/?cat=12 осы аталған еңбектер жөнінде мақала енгізгенін хабарлады.

 

«Айтылған тарих» орталығының қызметкерлері мұндай бірлескен қызмет екі ел арасындағы ынтымақтастықты, серіктестікті және бұрынғы достық қарым-қатынасты нығайтады деп санайды.Олар осы жұмысқа белсенді атсалысқаны үшін біздің әріптесіміз, доцент З.Мырзатаеваға үлкен алғыс білдіреді!

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler