қазақша · русский · english
 
 
 
16.05.2019

Еркін және белбеу күрестерінен студенттер арасындағы ҚР Х жазғы чемпионаты

 

Жастар жылына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Өнер, мәдениет және спорт институтының Дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен Ақтөбе каласы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті бірлесе 2019 жылдың 4-6 мамыр аралығында студенттер арасында еркін және белбеу күрестерінен тұнғыш рет Х жазғы чемпионатын өткізді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы ерлер арасындағы еркін күрестен 16 команда арасында 4-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, студенттеріміз 3 медальға қол жеткізді.

1. Қуат Амиртаев: 61 салмақ дәрежесінде алтын.

2. Али Ажы: 97 салмақ дәрежесінде қола.

3. Нұржан Айжарқынов: 125 салмақ дәрежесінде қола медалін иеленді.

 

Белбеу күресі бойынша жарыста Абай атындағы ҚазҰПУ командасы 19 команда арасында 7-ші орынды иеленді.

1. Диас Жұмахан: 75 салмақ дәрежесінде күміс медаль.

2. Ерсұлтан Жорабек:+100 салмақ дәрежесінде қола медаль.

3. Ақерке Қайбулла: 52 салмақ дәрежесінде қола медаль.

4. Фариза Зулпыхар: +76 салмақ дәрежесі бойынша қола медальға ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler