қазақша · русский · english
 
 
 
14.05.2018

Университеттің мерейтойына арналған Жаратылыстану және география институтының спорттық-туризмдік іс-шарасы

 

2018 жылдың 28 сәуір -7 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Табиғат» экологиялық одағы, Алматы қаласының спорттық туризм және туристік көпсайыс Федерациясы ұйымдастырған Іле-Балқаш регатасы өтті. Онда ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, Елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі Бахадур Абдиманапов, аталмыш кафедраның профессор-оқытушылар құрамының Андрей Абулғазиев, Асылбек Еркебековтың жетекшілігімен қатысқан кафедра студенттері Қапшағай су қоймасынан Тамғалы Тас шатқалына дейін су регатасы жарысында өнегелі өнер көрсетіп, «Спринт» номинациясы бойынша жоғары оқу орындары арасында өтетін «ЖОО Кубогын» ұтып алды. Аталмыш жарыста жыл сайын төреші қызметін атқарып жүрген Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ерлан Сейсенбеков.

 

Көпкүндік жорық барысында студенттер туризмнің белсенді түрлерін, атап айтқанда, су туризмі бойынша төтенше жағдайларда суда жүзу құралдары мен командалық жұмыс тәжірибесін меңгеру практикасын игерді. Аталмыш іс-шаралар Іле өзені су режимінің ерекшеліктерін, оның ағысының сипатын, жағалау бойы табиғатының айырмашылығын және фенологиялық бақылауды меңгеру мен оқып-үйренуге, бұған қоса, жүзу құралдарының су жолындағы жағалау сызықтарының рекреациялық әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді.

 

Тамғалы Тас шатқалындағы базаға келген соң пікірталастық тұрғыда ағысты реттеу, су деңгейінің төмендеуі, саға топырағының минералдануы, трансшекаралық өзендердің өзекті түйткілдері секілді, Іле-Балқаш бассейнінің экологиясы жайлы маңызды мәселелер қозғалды. Пікірталастың тәрбиелік аспектісіне ұжымның бірігуі, жорықтық өмірдегі қиындықтарға мойымай төтеп беру, қарым-қатынастың әлеуметтік дағды-машықтарының дамуы, эмпатия, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың белсенді түрлерімен айналысу секілді, қағидаларды атап көрсеткен жөн. Институт командасының аталмыш іс-шараларға қатысуы - университетте орнаған салт-дәстүрге беріктігін атап көрсете отырып, оқу орнымыздың мәртебесін көтереді.

 

Сонымен қатар, Алматы облысының туризм басқармасы қолдауымен «Жеңіл атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «TENGRI ULTRA» таулы-тасты, ойлы-қырлы жерлерімен тізбектелген «SPRINT-15км», «TRAIL-35км» және «ULTRA-70км» қашықтықтары бойынша Ұлы дала марафоны өтті.

 

Елтану және туризм кафедрасының оқытушысы Асылбек Еркебеков «TRAIL-35км» қашықтығына арналған марафонға қатысып, естелік медалімен марапатталды.

 

         

 

         alt= 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler