қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ мұражайға саяхат

 

2019 жылғы 5 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің Шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің оқытушылары жоспарға сәйкес осы факультеттің тыңдаушыларымен бірге Университеттің мұражайын аралады.

 

Экскурсияның мақсаты: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің тарихы мен мәдениетімен, Абайдың 175 жылдығына орай мұражайға қойылған Абайдың құнды еңбектерімен таныстыру,  оны дәріптеу.

 

Мұражай меңгерушісі Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, «Педагогика» кафедрасының доценті Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы тыңдаушыларымызға көптеген тарихи экспонаттардың шығу тарихы мен құндылығы туралы көптеген мәліметтер берді.

 

Университетке алғаш түскен біздің тыңдаушыларымыз мұражайда универсиеттің тарихымен танысып, Абайдың еңбектері мен жазбаларын көріп ерекше әсер алып қайтты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler