қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2018

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі (Foundation) дайындық факультетінде жоғары деңгейде сенбілік өтті

 

2018 жылдың 31 наурызында Университет ректоры Такир Балықбаевтың №03-06/16 өкімін орындау мақсатында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу институттары мен барлық құрылымдық бөлімдерінде сенбілік ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның басты мақсаты - қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиясына жағдай жақсарту, табиғатты аялау және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сенбілікке қатысқан Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің деканы Ғалия Таубаева бастаған кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер факультет аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке атсалысты. Жалпы сенбілік жоғары деңгейде өтті. Қазақтың қара шаңырағы университетіміздің 90 жылдық мерей тойына орай атқарылып жатқан игі істер әлі жалғасын табады.

 

       

 

       

 

     




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler