қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2018

 

«Ана-өмірдің шуағы» мерекелік кеші


2018 жылдың 5-наурыз күні Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-өмірдің шуағы» мерекелік кеші болып өтті. Кеш мерекелік көңіл күймен, Серік Ерсіннің орындауындағы әсем әнмен көмкерілді. Алғаш болып сөз кезегін алған факультет деканы, п.ғ.к., доцент Ғалия Таубаева мерекелік кешті ашық деп жариялап, әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, еңбекте табыс, отбасына бақыт-береке, бірлік тіледі.


Факультеттің дайындық тобының тыңдаушылары барлық аналар қауымына, ұстаздар мен қыздарға арнап күмбірлеген күй тартып, әсем әнмен шашу шашты. Сонымен қатар, қазіргі жастарға ой саларлық тәрбиелік сахналық көрініспен жалғасты.


Кеш соңында жігіттер қауымы оқытушылар мен қыздарды мерекелерімен құттықтап, тосын сыйлықтарын тарту етті.

 

  

 

  

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler