қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2017

РЕСЕЙ ЖОО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

 

2017 жылдың 6 - 9 желтоқсан аралығында Шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамынан кафедра меңгерушісі, профессор Бегалиева Сауле Баязқызы және Балғазина Бахытгүл Серікқызы Мәскеуде (Ресей) іссапарда болды. Белгіленген мерзім ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Ресейдің үш университетінде болды.


6-7 желтоқсан күндері Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінде (MGOU) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Елена Александровна Певцовамен және шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі кеңсе басшысы Алексей Владимирович Юдинмен кездесу өтті. Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу мемлекеттік аймақтық университеті (MGOU) арасында ғылыми ынтымақтастығы туралы келісім жасалды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы мен Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінің (MGOU) ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.: ғылым саласында - бірлескен онлайн симпозиумдар, конференциялар, семинарлар өткізу, бірлескен ғылыми журналды шығару; академиялық салада - шетелдік студенттермен алмасу.


8 желтоқсан күні Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетіне (MSPU) барып, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Вячеслав Валерьевич Кругловпен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің директорының көмекшісі Тимур Рифатович Миняжевпен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Алина Стабровскимен кездесті. Екі серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері түрлі салалардағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті, шетелдік студенттердің академиялық алмасуы мәселелерін талқылады.
9 желтоқсан күні Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Ресей халықтар достығы университетінің (ПФУ) Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде болды: кездесу орыс тілі мен мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, профессор Владимиром Павлович Синячкинмен және ф.ғ.д., профессор Улданай Максутовна Бахтикаереевпен өткізілді.


Келіссөздер барысында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Орыс тілін ана тілі және шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша университетіміздің оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру; орыс тілінде бірлескен оқу құралын құрастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, РУДН мен Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілін шет тілі ретінде халықаралық сынақтан өткізу туралы (TORFL) арасында келісімге қол қою мәселесі де бар.

 

  

 

  

 

  

 

Ақпаратты дайындаған шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының кафедра меңгерушісі, профессор С.Б. Бегалиева және кафедраның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші проф.Балғазин Б.С.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler