қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2017

«Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы 


2017 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ дайындық факультетінде (Foundation) Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен
«Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» атты
жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға қатысуға республиканың аймақтарынан, тіптен Қытай, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Ресейдің студент, магистрант, докторанттарынан 115 баяндама түсті.
Секцияда Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жоо студент, магистрант, докторанттарының 70 баяндамасы тыңдалды. Қатысқандар:
Абай атындағы ҚазҰПУ, (Алматы), «Мирас» университеті (Шымкент), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Кокшетау), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент), Іле педагогикалық университеті (Инин, ҚХР), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда), М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік институты (Шымкент), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы), К. Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық мемлекеттік университеті (Ақтөбе).
Үздік ғылыми жұмыстарға грамота, олардың ғылыми жетекшілеріне Абай атындағы ҚазҰПУ ректоратынан алғыс хаттар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информацию подготовили Балгазина Б.С. и Казабеева В.А.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler