қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2020

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының 4 курс студенттері педагогикалық практикадан өтуде

 

Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) 4 курс студенттері педагогикалық практикаға кірісті. 2019 жылдың 13 қаңтарында «Жаңа мектеп» білім беру мекемесінің директоры Гүлнар Карамендиновамен педагогикалық практикадан өту туралы келісімшартқа қол қойылып, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың 24.12.2019ж. №05-04-03/12 бұйрығына сәйкес Толқын Тоқтарова, Бахыткүл Балгазина, Назгүл Минаева әдіскерлер болып тағайындалды. 2020 жылдың 8 қаңтары күні бекіту конференциясы өткізілді.

 

Педагогикалық практика кафедраның оқу үдерісінен үзілмей өткізілуде. Сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері факультетте студенттерде дәрістер, мен практикалық сабақтар өткізіледі. Дүйсенбі, бейсенбі күндері студенттер мектепте болады. Барлық студенттердің ұялы телефондарында мектеп мұғалімдерінің сабақ кестелері бар. Студенттер сабақтарға қатысып, жазбалар түсіреді, өз сабақтарын өткізуге дайындалады, өздерінің есеп беру портфолиоларына практикалық материалдар жинайды. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар біздің студенттер туралы жақсы пікірде, олардың еңбексүйгіштігі мен кеңпейілділіктерін айтады.

 

Бүгін «Жаңа мектептің» 6 А сыныбында «Пушкин және Абай - мәдениеттер үндестігі» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мұғалім Светлана Гребнева шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының 4 курс студенттерімен бірлесе отырып ұлы ақындардың шығармашылығын, Абайдың А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан аударған шығармаларын талқылады.

 

4 сынып оқушысы Таисия Ковалева Абайдың «Қыс» атты өлеңін қазақ тілінде оқыды. Оқушылар эстафетаны біздің студенттерге жолдап, олар Абайдың өлеңдерін орыс, корей, және қытай тілдерінде орындады.

 

Шараның соңы оқушылардың, студенттер мен мұғалімдердің Абайдың танымал әні «Көзімнің қарасын» орындауымен аяқталды.

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының 4 курс студенттері педагогикалық практикадан өтуде

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler