қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.10.2019

Қадірлі әріптестер!

 

2019 жылдың 29 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Педагогика ғылымдары Халықаралық академиясының академигі, ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік тілден емтихан алушы «Лингвистикалық комиссиясының» хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015жж) Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Коммуникативті лингвистика және сөзтаным» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ф.Ш.Оразбаева: тұлға, ұстаз, әдіскер.
2. Коммуникативтік-прагматикалық парадигма: дискурс, мәтін, коммуникативті категориялар.
3. Антропоцентристік парадигма: коммуникация, когнитология, психология, лингводидактика.
4. Филологиялық пәндерді оқыту: білім беру парадигмалары, функционалдық сауаттылық, жаңа технология, инновациялық әдіс-тәсілдер.
5. Сөз өнері және тілтаным: әдебиет, полимәдени кеңістік және әлемнің көркемдік келбеті.
6. Педагогикалық коммуникация: тұлға мәдениеті, педагогикалық риторика, құзіреттілік.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің конференц залы (225 ауд).

 



147

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler