қазақша · русский · english
 
 
 
 Искакова Айгуль Толеутаевна
Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

Қазыбек би көшесі, 30, каб.205
 +7 (727) 91-36-92
a.iskakova@kaznpu.kz, aiskakova@bk.ru

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың интернационалдандыру үрдісі Халықаралық ынтымақтастық басқармасымен (ХЫБ) үйлестіріледі, оның негізгі мақсаты университеттің халықаралық қызметін ұйымдастыру болып табылады.

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының негізгі міндеттері:

- әлемдік рейтинг бойынша ТОП 500-ге кіретін университеттің шетелдік серіктестерімен халықаралық қарым-қатынастарын перспективалы жоспарлау;
- университетте халықаралық қатынастарды дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- университеттің халықаралық іс-шараларының орындалуын бақылау, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық қауымдастықтармен тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
- халықаралық білім беру көрмелеріне қатысуға жәрдемдесу;
- білім және ғылым саласындағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеуге және қол қоюға қатысу;
- бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу, ғылыми жобаларды халықаралық деңгейде дайындау;
- шетелдік сапарларды ұйымдастыруда ОПҚ мен қызметкерлерді қолдау;
- ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы, халықаралық бағдарламалар гранты, Эразмус+ кредиттік ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми тағылымдамалар шеңберінде халықаралық алмасу бағдарламаларын үйлестіру;
- халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға, шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасуға университеттің оқытушылары мен студенттерінің қатысуы;
- оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу, келісімдерге қол қою мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды қабылдауды және оларды қабылдауды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық және Болон процесі орталығында құжаттарды нострификациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
- халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу үшін студенттердің конкурстық іріктеуін өткізу;
- жазғы/қысқы мектептер.

 

180
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler