қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.11.2011

Тарихшы-ғалымдар мен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері сектадан сақтануға шақырды

2011 жылдың 10 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультінде «Сектадан сақтан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге тарихшы-ғалымдар және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас хатшысы, Ислам журналының діни бірлестігінің бас редакторы - Оңғар қажы Өмірбек Сапарбекұлы, ҚМДБ-ның Уағыз насихат бөлімінің қызметкері - Ноғаев Асылбек, ҚМДБ-ның Пәтуә бөлімінің маманы - Серікжан Еншібайұлы қатысты.
Жастар қоғамның алға бастаушы күші. Мамандар бір жағынан олардың дінге бет бұрғанына қуансақ, екінші жағынан кейбірінің түрлі ағымдарға еріп кетуі алаңдатады, - дейді. Сондықтан университет және факультет ұжымы студенттердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында осындай басқосуларды жиі өткізуді жөн көріп отыр.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы уағыз-наситхат бөлімінің қызметкерлері студенттерді ислам дінінің таза қайнар бастауларымен таныстырды. Кез-келген сектаның көздегені - сүттей ұйыған қоғамға іріткі салу екені баса айтылды.

 

 



955

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler