қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.07.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ бақылау кеңесі мүшесінің бос орнына байқау жариялайды

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000, Нұр-Султан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрлер үйі, 11-кіреберіс, 643-каб., телефон 8(7172)74-20-62. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бақылау кеңесі мүшесінің бос орнына байқау жариялайды (Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13). Тел., 291-36-92, 291-18-29.


Абай атындағы ҚазҰПУ - педагогикалық білім беру, экономика және бизнес, юриспруденция, халықаралық қатынастар, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, жоғары және ЖОО кейінгі білім беру бағдардамаларын іске асыру және іргелі мен қолданбалы зерттеулерді жүргізетін республикасының ірі көп салалы орталығы болып табылады.


Байқау қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі;
2) білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесі;
3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.


Мына жағдайларда адам бақылау кеңесінің мүшесі болып сайланбайды:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынасы болған.


Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) байқауға қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.


Байқауға қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.


Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.


Қатысушы байқау өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.


Ішкі және сыртқы конверттер:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне, 010000, Нұр-Султан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, 643-каб. адресі жазылған болуы керек, телефон: 8(7172)74-20-62;
2) «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «10 тамызға дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.


Құжаттарды қабылдау 11 шілде 2019 ж. басталады.


Конкурсқа қатысу туралы өтініш 9 тамыз 2019 жылға дейін қабылданады.


Қосымша ақпаратты 8(7172)74-20-62 телефоны арқылы (643-каб.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің жоғары білімді жоспарлау және қаржыландыру басқармасынан алуға болады.



463

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler