қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

«Жаныңда жүр жақсы адам» онлайн-кездесуі

 

2020 жылдың 25 сәуірінде Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасының 2 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында ғалым Абдрахманова Роза Бисенқызымен онлайн-кездесу өтті.


Іс - шараның мақсаты-әр түрлі саладағы ірі ғалымдардың жетістіктері мен тағдыры арқылы жас мамандардың ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыру.


Онлайн - кездесуге университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын, Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербаева және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Оспан Сангилбаев, Ботагүл Тұрғынбаева, Марфуға Абсатова, Талғат Тажибаев, Ардақ Калимолдаева, Турархан Жундибаева, Жанар Ибрагимова, Лаура Орынбаева қатысты.


1-3 курс докторанттарымен бірге құрметті қонақтар - өткен жылдардың түлектері Ақсауле Манкеш, Гүлмира Момбиева, Мағрипа Ибраева, Айнұр Садреймова қатысты.


Алғашқы сөзді Ақтолқын Құлсариева алып, өзінің ақжарма ақ тілегін Роза Бейсенқызына қуанышпен жеткізіп, ұйымдастырушы докторанттарға мынандай қиын кезеңде осындай онлайн - кездесудің көбірек болуы керек екенін және өте сәтті өткізгендеріне ризашылығын білдірді.

 

Кезегімен келесі сөз алған Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақжолова Ақтоты, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Көшербаева Айгерім және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Ботагүл Тұрғынбаева өздерінің жылы лебіздерін кеш иесіне білдіріп, докторанттарға сәттілік тілеп, керемет көңіл-күйде жылы шараның өткенін ризашылықпен айтты. Ал кештің шәкірті Тажибаев Талғат өз туындысын өлең жолымен тарту етіп, қонақтар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Доктаранттар ғалым ұстазы Роза Абдрахманованың өмір белестерінің қызығы мен қиын жолдарына тоқталып, видеоролик көрсетті. Кездесу соңын «Ұстазым» әнімен қорытындылады.

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler