қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.06.2019

Білім алушылардың назарына! 

 

Жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде 2018/2019 оқу жылы бойынша босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс жарияланады! Конкурсқа қатысты құжат қабылдау әр түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылады (аталған білім беру гранттар саны төменде көрсетілген кестедегі мамандықтар бойынша қарастырылады).


Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қатыса алады.


Конкурсқа қатысу туралы өтініш беру үшін төменде көрсетілген құжаттарды студенттік офис бөліміне (№1 оқу ғимараты, 106-каб.) тапсыру қажет:
1) ҚР Білім және ғылым министрінің атына өтініш;
2) Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына өтініш;
3) Оқу үдерісінің барлық мерзіміне сәйкес ресми транскрипт;
4) Жеке төлқұжаттың көшірмесі.


Құжаттар 2019 жылдың 8 шілдесіне дейін студенттік офис бөлімінде және институт директораттарында қабылданады.

 

Мамандықтың атауы

Түскен жылы

Грант саны

Бакалавриат

1.      

5В010600-Музыкалық білім

2016

1

2.      

5В041300-Кескіндеме

2017

1

3.      

5В010800-Дене мәдениеті және спорт

2018

1

Магистратура

1.      

6М011600-География

2018

2

2.      

6М011800-Орыс тілі мен әдебиеті

2018

2

3.      

6М030200-Халықаралық құқық

2018

4

4.      

6М020200-Халықаралық қатынастар

2018

1



79

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler