қазақша · русский · english
 
 
 
 Адамбеков Ерлан Кайратович
Спорт клубының директоры
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Стадион «Спартак»
 87017610763
yadambekov@gmail.com

Спорт клубы студенттердің денсаулығын нығайту, студент спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, Университетте жаппай дене шынықтыру жұмыстары ауқымын кеңейтуге бағытталған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ спорт клубы сабақтан тыс дене тәрбиесі мен спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізумен айналысады.

 

CК мақсаты:

- дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша, студенттер, магистранттар, оқытушылар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері арасында кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
- орта мектепте спорттық және бұқаралық жұмыс деңгейін көтеру;

- Университеттегі спорттық-сауықтыру іс-шараларының тиімді жүйесін құру;

- студенттер мен спортшылардың спортқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- салауатты өмір салтын насихаттау.

 

CК міндеттері:

- университет ішіндегі спорт жарыстарын және басқа да іс-шараларды өткізу;

- Университеттің қолданыстағы оқу-материалдық базасына негізделген ойын және басқа спорт түрлеріне арналған спорт секцияларын ұйымдастыру;

- әртүрлі спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге мекемелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Университеттен тыс өткізілетін түрлі жарыстар мен спорт жарыстарына университеттің ұлттық құрамаларын жинақтау;

- университет аралық турнирлерді, жарыстар мен ойындарды өткізу ережелерін әзірлеу.

 

 

342
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler