қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.05.2019

«ХХ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: бірегейлік, концепциялар, моделдер» дөңгелек үстелі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы және академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 2019 жылдың 28 маусымында «ХХ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: бірегейлік, концепциялар, моделдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

 

Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқылауға ұсынылады:

- Қазақстан тарихындағы билік, қоғам және жеке тұлға;

- Тарихи ретроспективтегі қазақ мемлекеттілігі идеясы;

- Бізге қандай бірегейлік қажет: ұлттық немесе азаматтық?

- Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және архивтер;

- ХХІ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: ұлттық бірегейлік және тарихи жад;

- ХХ - ХХІ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдағы мемлекеттілік моделдері;

- Қазақстандықтардың бірегейлігін сақтау және дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі.

 

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы - сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу - сағ. 09:30.


Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары жіберуші ұйым тарапынан.

 

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2019 жылдың 31 мамырына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз:

050100 Алматы қ., Жамбыл көшесі - 25, № 709 аудитория, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты, академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы, е-mail.: shamek_09@mail.ru

 

Байланыс телефондары мен факс:

Тел.: +7(727) 291-46-72; +7707-208-92-43

Факс.: +7 (727) 291-40-71

 

Қатысуға өтініш



816

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler