қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2019

XI республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

11-12 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.


Республикалық олимпиаданың мақсаты - білікті мамандарды дайындау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар студенттердің оқу үрдісіне және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

 

Олимпиаданың қатысушылары - Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бакалавриатында оқитын жоғары курсс студенттері.

 

Қатысушы командалар 2019 жылдың 18 наурызына дейін қажетті құжаттарды тапсыруы керек.

 

Байланыс ақпараты: 8 (7212) 34-19-40, 8 777 484 24 64 Аблайхан Искандеров.

 

Қатысу үшін өтінім


Ақпараттық хат


 



867

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler