қазақша · русский · english
 
 
 

2017 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 375 бұйрығымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары


Конкурсқа қатысуға әскери даярлыққа тартылатын жылы 25 жастан үлкен емес жастағы тек оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер - Қазақстан Республикасының азаматы жіберіледі.
Оқитындарды іріктеу үшін конкурс мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең - Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту;
2) екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
3) үшінші кезең - дене даярлығын тексеру;
Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңінен өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.
Екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.
Өтелмейтін және өтелетін негізде запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен (медициналық ЖОО-ларда екінші және үшінші курстан) қабылданады.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша студенттердің өтініштері әскери кафедраның іс жүргізу бөлімінде тіркеледі.
Құжаттарды қабылдауды әскери кафедра конкурсты өткізетін жылы
1 ақпаннан бастап жүзеге асырады және 20 мамырда аяқтайды. Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар қабылданған құжаттар негізінде студенттерге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматтың ресімделген медициналық куәландыру картасын береді.
Медициналық куәландыру картасын студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін 31 мамырға дейін әскери кафедраға тапсырады.
Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.
Спорттық разрядын, орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орындарын растайтын құжаттары болған жағдайда қосымша ұсынылады.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша факультетте (институтта) оқитын студенттердің тізімдері ЖОО-лардың деканаттарында жасалады және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін әскери кафедраға беріледі.
Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес студенттер медициналық куәландыру басталғанға дейін медициналық комиссияға медициналық құжаттар тізбесіне сәйкес медициналық құжаттарды және медициналық комиссияға ұсынылатын медициналық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.
Студенттердің кесте бойынша медициналық куәландырудан ұйымдасқан түрде өтуі конкурс өтетін жылы 1 ақпаннан бастап 31 наурызды қоса алғанда жүзеге асырылады.
Көрсетілген кезеңде медициналық куәландырудан өту кестесін әскери кафедра алдын ала жергілікті әскери басқару органымен келіседі. Кестеде көрсетілген мерзімде медициналық куәландыруға келмеген студенттер оны өздері өтеді.
Денсаулық жағдайы бойынша «жарамсыз» деп танылған немесе әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынбаған студенттер конкурстың I кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған студенттер конкурстың екінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Студенттердің дене даярлығын тексеру осы Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес студент жігіттер үшін дене даярлығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.
Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер (қанағаттанғысыз баға нөл балл ретінде есептеледі) конкурстың үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Кәсіби-психологиялық іріктеуді өткізу және дене даярлығын тексеру нәтижелерінің деректері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.
ЖОО-ның офис-тіркегіші іріктеу комиссиясына өткен оқыту кезеңі үшін орташа үлгерім балын (GPA) іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей береді.
Конкурстық іріктеу рейтингтік балды есептеу кестесі бойынша есептелген рейтингілік балл бойынша жүзеге асырылады, оны БҒД іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін жолдайды.
Өтелмейтін негізде оқыту үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингіде тұрған студенттер тартылады.
Сол бойынша іріктеу комиссиясы «әскери даярлыққа тартылсын» деген шешім шығарады.
Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту немесе дене даярлығын тексеру нәтижелерімен келіспейтін студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына еркін үлгіде жазбаша өтінішпен арыз білдіреді.
Өтініш мәні бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.
Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

 

 

3
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler