қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.09.2013

 

  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D011400 - тарих мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алдабергенова Молдир Кенесбековнаның «ХV-ХVІІІ ғғ. жазба және археологиялық деректердегі Оңтүстік Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық тарихы және оны мұражай педагогикасында пайдалану» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

         Ғылыми кеңесшілер:

 С.Жолдасбаев - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.ғ.д., профессор

Ж.Жанпейісова - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.ғ.к., доцент

Д.Х.Зияева - Өзбекстан Ғылым Академиясы тарих институты, т.ғ.д., профессор (Өзбекстан Республикасы).

Рецензенттер: 

1. А.У.Тоқтабай - тарих ғылымдарының докторы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты                         

2.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих  ғылымдарының докторы, профессор М.Елеуов

 

Қорғау 2013 жылғы 17 қазан сағат 10.00-да Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңесінде 6D01000-Диссертациялық кеңесінде төмендегі мекен жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, 2 қабат, мәжіліс залы, сайт - www.kaznpu.kz

е-mail: amirova57@mail.ru

 

 

АННОТАЦИЯ

 

Алдабергенова Молдир Кенесбековна

 

«ХV-ХVІІІ ғғ. жазба және археологиялық деректердегі Оңтүстік Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық тарихы және оны мұражай педагогикасында пайдалану»

 

6D011400 - Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар - өткеннің халықтық зердесін қалпына келтіретін, қала өмірінің әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жан-жақты сипаттайтын бірден-бір құнды дерек беретін орталық екендігі анық. Дегенмен, қалалардың тарихы мен мәдениеті оның Қазақстан тарихында халықтар тағдырында алатын орны жайлы жазба деректер мардымсыз, археологиялық тұрғыдан жан-жақты зерделенбеген қиранды төбелер күйінде жетіп отыр. Әсіресе, Сауран, Отырар, Түркістан, Сығанақ, Испиджаб қалаларының даңқы анызға айналып, атағы көпшілікке танымал. Алайда, орта ғасырларда тайпалар мен халықтардың тарихында және өлке өмірінде маңызды орын алғанына қарамастан олардың өмірі жайлы орнықты зерттеу аз. Алайда, кейінгі жылдары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік деңгейдегі «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап, оның аясындағы кезек күттірмейтін мәселе ретінде, ортағасырлық қалалардың археологиясын зерттеу екендігі айрықша аталып көрсетілді. Себебі, көненің көзіне айналған жәдігерлеріміз жылдан-жылға тозып, ашық аспан немесе жаңа құрылыс нысандарының астында, барлық тарихты өз бойына жинақтаған қалпы, жабулы қазан күйінде жер қойнауында жатыр. Ал қазақ халқының қалыптасуы процесі жүрген, кейінгі ортағасырлық тарихымыздың қаншама беттері ашылмаған, белгісіз күйінде қалып қоюда.

Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективтілік тұрғысынан дұрыс бағалауға, оны жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісінде бүгінгі күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауда. Осыған орай, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан шаралар шынайы дереккөзі ретінде қарастырылатын археологиялық деректер мен тарихи-мәдени ескерткіштердің әлеуетін оқу-тәрбие жұмыстарында қолданудың әдістемелік негізін жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғылыми айналымға соңғы жылдары енген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін ой елегінен өткізіп, талдау. Қолда бар жазба және этнографиялық деректерді салыстыра отырып, ортағасырлық қалалардың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының тарихи кескін-келбетін ғылыми тұрғыдан зерделеу және оны оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемелік негізін ұсыну зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер белгіленді:

-       табиғи орта мен ортағасырлық қала мәдениетінің қалыптасуына ықпал етуші факторларды анықтау; көшпелі қазақтардың қалаларда орнығуы жайлы жазба деректердегі мәліметтерді сүзгіден өткізу;

-       Сыр бойындағы қалалардың Қазақ хандығының құрамына енуі және кейінгі ортағасыр қалаларында қалыптасқан саяси жағдайды талдау; Қалалар жайлы топографиялық, стратиграфиялық және қазба жұмыстарының нәтижелерін жазба деректермен салыстырып, қалалардың саяси тарихындағы елеулі оқиғаларға баға беру;

-       қала жұртындағы аршылған архитектуралық нысандарды сипаттау және оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын айқындау;

-       Кейінгі ортағасырлық қала экономикасының дамуын, ирригация жүйелерін, сауда-саттық пен ақша айналымын қалаларда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша ой қорыту;

-       Кейінгі ортағасырдағы тұрғын үй түрлері мен тұрғын жай интерьеріндегі өзгерістер және қала тұрғындарының әлеуметтік жіктелуін анықтап, Отырар, Сығанақ, Түркістан қалаларының Отан тарихындағы орны мен атқарған ролі туралы тың тұжырымдар жасау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кейінгі орта ғасырдағы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан қалалардың тарихы мен мәдениеті Қазақстан тарихы мен археологиясы тұрғысында алғашқы рет арнайы ғылыми зерттеудің нысаны болғандығында;

-       Оңтүстік Қазақстанның Кейінгі Ортағасырлық қалаларының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы - жазба және археологиялық деректер негізінде салыстыра отырып, зерделенді және оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары айқындалды; 

-       Зерттеу объектісіне айналған Сырдария өзені мен Қаратау аумағындағы табиғи жағдайлар мен ортағасырлық қала мәдениетінің дамуында табиғи ортаның атқарған ролі айқындалып, кейінгі ортағасырлық қалаларда мекендейтін халықтар мен көшпелі қазақтардың қалаларда қоныстануы жайлы жазба деректер сараланды;

-       Жекелеген қалалардың тарихына қатысты саяси жағдайлар талқыланып, ортағасырлық қалаларда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген соңғы археологиялық зерттеулер нәтижелері талданып, жазба деректермен сәйкестендірілді;

-       Кейінгі ортағасырлық қаланың керамикалық бұйымдары түрлерге қарай жіктеліп, жасалу технологиясындағы ерекшеліктер анықталды. Керамика өндірісінің қаланың экономикалық жағдайына әсері анықталды; қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлері мен олардың кейінгі ортағасырлық қалаларда даму деңгейі, архитектуралық ескерткіштер мен құландыларға сипаттамасы толықтырылып, ирригациялық жүйелер туралы деректер нақтыланды;

-       Қалалардың әлеуметтік дамуына әсер етуші факторлар және тұрғын үй мен интерьеріндегі өзгерістер бойынша және қала тұрғындарының этникалық құрамы жөнінде ғылыми болжам жасалды;

Зерттеудің қолданыстық маңызы. Ғылыми-зерттеу жұмысының тұжырымдары мен материалдарын жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы және мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарындағы оқу үрдісі мен бағдарламасы мазмұнында, Қазақстан тарихы мен археологиясы, тарихи өлкетануға арналған еңбектер, оқулықтар жазуда және оқу құралдарды дайындауда, «Қазақстанның ортағасыр тарихы», «өлкетану» т.б пәндер мазмұнын жетілдіруде қолдануға болады.

 

Аннотации

 



453

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler