қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.09.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D011400-Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Қанат Қалдыбекұлы Базарбаевтың «Жастүріктер қозғалысы идеяларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы: тарихи және педагогикалық аспектілері (XIX ғ. соңы - XXғ. басы)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  орындалған.

Ғылыми кеңесшілер

А.И. Исмаилов - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.ғ.д, профессор

Э.Ө.Зұлпыхарова - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.ғ.к, доцент

        М.Д.Кылынчкая -доктор, доцент. Хажеттепе университеті. (Түркия).

Рецензенттер:

         К.Л.Есмағамбетов - Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

А.Ш.Махаева - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент.

Қорғау  2013 жылы 17қазанда сағат  14.00 де Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы 6D010000 -Диссертациялық кеңесінде төмендегі мекен жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, 2 қабат, мәжіліс залы, сайт - www.kaznpu.kz

 

Қорғау тілі:  қазақша

е-mail:amirova57@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Базарбаев Қанат Қалдыбекұлы

 

Жастүріктер қозғалысы идеяларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы: тарихи және педагогикалық аспектілері (XIX ғ. соңы - XXғ. басы)

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отан тарихының мазмұнын зерттеу жаңалау мен байыту жолдарының бірі ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи байланыстарды тереңдей зерттеудің қажеттілігі туып отыр.Осы байланыстардың тарихи генезисін ашып көрсету барынша өзекті мәселе. Соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының өзара байланыстарын айқындап, қазақ-түрік қатынастарын отан тарихының сындарлы кезеңіндегі оқиғалардың деректеріне жаңа көзқараспен бағалау арқылы жасалған тұжырымдама қалыптастыру бүгінгі тарих ғылымының өзекті мәселесіне айналып отыр.                                                                                                    Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының тарихи байланыстарын тәуелсіздік кезеңде әртүрлі аспектіде қарастырған зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірақ, екі елдің тарихи байланыстарын XX ғ. бас кезіндегі ұлт-азаттық және саяси қозғалыстардың ықпалдастығы тұрғысында алғаш рет қарастырылып отыр. Кеңестік және отандық тарихнамадағы жастүріктер қозғалысы мен Түркістан ұлт-азаттық  қозғалысының жеке желілер бойынша қарастырған зерттеулерде, сол сияқты мәселеге қатысты шетелдік еңбектерге жеткілікті тарихнамалық талдау жасау. Тақырыпты жеке желі ретінде зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай алғаш рет қолға алынып отыр.                                                                                     Диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысында қазақ және түрік халықтарының XXғ. алғашқы ширегіндегі саяси, мәдени байланыстары нақты тарихи оқиғалардың өрбуіндегі ықпалдастық пен сабақтастықтығын деректік негізде жүйелеп, жаңа тұжырымдар жасау. Осыған сай мынадай міндеттер белгіленеді: Жастүріктер қозғалысы идеялогиясының саяси-әлеуметтік негізіне талдау жасау; Түркістан өлкесінде жастүріктер қозғалысы идеяларының таралу бағыттары мен аймағын анықтау; Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына жастүріктер қозғалысы идеяларының нақты ықпал әсерін айқындау; Жастүріктер қозғалысының  Түркістандағы түрікшілдік идеясына ұласуы мен саяси күрестегі ортақ ұстанымдарын жіктеу; Жастүріктер қозғалысы мен Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеу; тарихи тұлғалардың қоғамдық - саяси қызметі арқылы XX ғ. басындағы қазақ-түрік байланыстарының тарихи құрылымын жасау; Жастүріктер мен түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметін айқындау; Түркістандағы түркілік және мұсылмандық бірлік идеяларының  қоғамдық және тәрбиелік мәніне сипаттама беру; осы міндеттерді іске асыру барысында қол жеткен нәтижелерді бүгінгі білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты ұсыныстар дайындау және оқу үдерісіне енгізу.                                                                                                           Теориялық маңыздылығы. Жұмыстың теориялық - әдіснамалық негізі қазіргі заманғы қазақстандық тарих ғылымының жетістіктеріне, сонымен бірге түркиялық, ресейлік танымал ғалымдардың іргелі еңбектеріндегі қалыптасқан тұжырымдарға негізделді. И.Гаспыралы, М.Шоқай, Заки Валиди және т.б түркішіл ғалымдардың іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды және қазіргі тарих ғылымының даму талаптарына сай одан әрі өрбітілді.                                                                                                                 Ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының барысында мындай ғылыми жаңалықтарға қол жеткізілді: - Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына ықпал етуші фактор ретінде жастүріктер қозғалысының саяси-идеялық тұғырнамасы мен әлеуметтік негіздерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері айқындалды; Түркістандағы ұлттық қозғалысқа орыс социал-демократиялық идеяларына қарағанда жастүріктер қозғалысы көтерген идеялардың тікелей ықпалы басым болды; -Түркістан ұлттық элитасы ұлт-азаттық күрестің мақсаттарын айқындап, күрес тәсілдерін таңдауда және болашақ ұлттық мемлекетік  құрылым идеясын қалыптастыруда ең алдымен Түркиядағы саяси қозғалыстардың тәжірибесін үлгіге алды;Жастүріктер мен түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі айқындалып, оларға ғылыми сипаттама берілді; Түркістандағы түркілік және мұсылмандық бірлік идеяларының  қоғамдық және тәрбиелік мәнінің негіздері айқындалды;жоғары оқу орындары тарих мамандығының студенттеріне арнап «Жастүріктер қозғалысы идеяларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа ықпалы» атты арнайы курстың оқу бағдарламасы жасалынып, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 2013-2014 жж. оқу үдерісіне енгізуге қатысты ұсыныстар дайындалуда.                                                                                   Зерттеу жұмысының қолданбалық маңыздылығы. Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың жастүріктер қозғалыстарының мақсаттарын негізге ала отырып, бай деректік материалдар негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындылардан алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, дайындауға, сол сияқты әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы мамандар үшін арнайы курстар дайындауда қолданылады. Жоғары оқу орындары тарих мамандығының студенттеріне арнап «Жастүріктер қозғалысы идеяларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа ықпалы» атты арнайы курсты оқу үдерісіне енгізуге болады.                                                                                 Зерттеу нысаны. Жастүріктер қозғалысы мен Түркістан ұлт-азаттық қозғалыстарының ықпалдастығы мен сабақтастығы.                                                                       Зерттеу пәні. XXғ. алғашқы ширегіндегі Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихы. Жастүріктер мен Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі тарихы.                                                                   Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи оқиғалар мен құбылыстар, азаттық қозғалыстың жекелеген тұлғаларының қоғамдық-саяси қызметі индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным сияқты жалпығылыми зерттеу тәсілдері қолданылып тұжырымдалды. Саяси тарих өткен күннің тарихи-саяси және әлеуметтік-мәдени дәйектерінен ой қорытқанда барынша шынайы болуды, саяси-идеологиялық феномендердің көптүрлі және қарама-қайшылықты жағдайын ескеруді талап етеді. Сондықтан зерттеу нысанының көпнұсқалығы, олардың өзара байланысы мен ішкі тәуелділігі сияқты ерекшеліктер ескерілді. Зерттеуде дәстүрлі тарихи танымдағы білімдерді толықтыратын, белгілі бір тұжырымдарды теріске шығаратын немесе оны қуаттайтын тарихнамалық талдаулар арқылы тарихи ақиқатты қалпына келтіру тәсілі қолданылды.                                                                                                                        Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертация кіріспеден, үш тарау мен тараушалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда  30-дан астам ғылыми еңбек жарық көрді. 5 мақала ХҒП конференцияларында, 5 мақала шет елдік ХҒП конференцияларында, 1 мақала Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында,  8 мақала  ҚР БжҒМ білім саласындағы бақылау комитетінің басылымдарында, 2 мақала отандық басылымда, 8 мақала шетел басылымдарында, 4 мақала Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдардажарияланды: Ғылыми жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы тарих» кафедра мәжілісінің талқылауынан  өтті. (24сәуір. № 9 хаттама. 2013 ж.)

 

Аннотации



590

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler