қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.12.2018

Хабарландыру!


2018/2019 оқу жылына Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларға үміткерлерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға 3-ші, 4-ші курс студенттеріне және 2-ші курс магистранттарына 14 қаңтарға дейін конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз.

 

Конкурс үміткерлері Ғылыми кеңестің мәжілісінде қарастырылып, конкурс нәтижесі Кеңестің шешімімен бекітіледі.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-ші курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

- республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

- ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

- табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

- білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

3. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.

4. Стипендия жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.

5. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу 1-ші, 2-ші тармақтарда жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

 

Үміткерлер жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттарын (транскрипт, ғылыми жетістіктері, диплом, грамота, сертификат, т.б. көшірмелері) 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін институт директоратына өткізулері қажет.

 

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендиялар байқауына бакалавриат бойынша ұсынылатын үміткерлер туралы ақпарат

 

Үміткер білім алушының аты-жөні

Мамандығы

Курсы

GPA балы

Ескерту

1.

Ақбалина Эльвира Ерғалиқызы

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

3

3,94

Грант

2.

Құлымжанова Ақмарал Мирамжанқызы

3

3,92

Грант

3.

Кемаладин Таңшолпан Жарқынбекқызы

3

3,84

Грант

4.

Қожабаева Нағима Қожабайқызы

5В010500-Дефектология

3

3,90

Грант

5.

Көшербай Шаттық Жубанышқызы

 

3

3,88

Грант

6.

Орынбек Жанна Қадырбекқызы

5В011100-Информатика

3

3,83

Грант

7.

Самат Аида Абдижахипқызы

5B011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

3

3,90

Грант

8.

Калиева Ардак Айсултанқызы

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

3

3,82

Грант

Толық жетім

9.

Айдын Бұлбұл

3

3,80

Грант

10.

Бахаудунова Дильназ Ахметжановна

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

3

3,95

Грант

11.

Кәдірбек Динара Асанқызы

3

3,92

Грант

12.

Болатқызы Жанеркем Болатқызы

4

3,90

Грант

13.

Мысыр Сұңқар

3

3,78

Грант

Толық жетім

14.

Сембаева Айдана Қасенқызы

5В021000-Шетел филологиясы

4

3,75

Грант

15.

Илиева Зайтунам Абдувалиевна

5В021020-Шетел филологиясы: ұйғыр тілі

4

3,95

Грант

16.

Турганбеков Динмухаммед Маратулы

5В042100-Дизайн

3

3,85

Ақылы



554

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler