қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.12.2018

«Мейірім» еріктілер клубы

«Ерікті жастар: Ар-ұждан дауысы» дөңгелек үстелін өткізеді

 

«Дөңгелек үстел» мақсаты - қоғамға риясыз қызмет етуде әрбір еріктінің жүрегінде үні естілетін «Ар-ұждан» ұғымының терең мағынасын талқылау.

 

Міндеттері:

1. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде «ар-ұждан дауысы» үнін есту білімін дамыту;

2. Ой, сөз және іс-әрекет бірлігінде еріктілерде ар-ұжданмен өмір сүруге ұмтылу жауапкершілігіне тәрбиелеу.


Талқылау үшін негізгі тақырыптар:

1. Қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген еріктілер жұмысындағы құндылықты қажеттіліктерді талқылау;

2. Еріктілер жұмысын ұйымдастыруда сана және жүректі таза ұстау практикасын қолдану тиімділігін талқылау;

3. Адамзаттың рухани саналылығын дамытудағы еріктілердің адамгершіліктік идеалдарының терең мәнін ұғынуды талқылау.

 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Гулбахира Ширинбаева және еріктілер, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің студент жастары.


Өтетін уақыты және күні: 5- желтоқсан 2018 жыл, сағат 14.00.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Төле би көшесі, 31, 15 кабинет.

 

Байланыс телефоны: 8-707-832-82-58, 8-705-277-48-48.

 

 



66

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler