қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.09.2013

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Абылай хан және Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына  қатысуға шақырамыз. Конференция 2013 ж. 5 қазанда  Көкшетау  қаласында  өтеді.

Ғылыми-практикалық конференция шеңберінде төмендегідей панельдік сессиялар өтеді:

1.    Қазақ жерін шет елдердің басқыншыларынан азат етіп және басын біріктірудегі Абылай ханның мемлекеттік  қызметі.

2.    Қазіргі таңдағы Қазақстан: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі Абылай хан идеясының жүзеге асуы.

3.    Қазақ елінің әл - ауқатын арттырудағы Абылай саясаты және Елбасының Қазақстанды әлеуметтік - экономикалық модернизациялау бағдарламасы.  

4.    Абылай заманы  мен  қазіргі  Қазақстанның сыртқы саясатындағы сабақтастық: Н.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы стратегиясы.

 

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. 2013 жылдың 20 қыркүйегіне  дейін ұйымдастыру комитетінің abylai.kon2013@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы:  сессия №    мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._ Бакенеев_ мақала); мақаланы жариялау туралы  өтінім (файл атауы:  сессия № өтінімнің бірінші авторының тегі: мысалы: 1.2._ Бакенеев_ өтінім) және Төлем құжатының көшірмесін электрондық (сканерленген) түрде жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге ақыны университеттің  мекен-жайына «Абылай хан және Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі»»  атты ХК қатысу үшін» деген белгісімен пошта арқылы салып жіберулеріңізге болады. Көкшетау қаласы,  «Казкоммерцбанк» АҚ филиалы, KZKOKZKX РНН 361800022370, БИН 960840000681, ИИК KZ 739262201140165007  ШЖҚ РҚК (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемелекеттік университеті ).

 

Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз.  Толық  5 параққа дейінгі баяндама мәтіні  Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал - 1, әріп өлшемі - 14, барлық шеттері - 20 мм.Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша тегістеу) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соң - мақала мәтіні.

 

 

 

 

 

 

 

Ресімдеу үлгісі:

 

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН - АБЫЛАЙ ХАН ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

 

Бакенеев А.М.

Көкшетау қ.,  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  

bakeneev_a@mail.ru

 

   Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

 

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

 

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым кандидаты немесе докторының қолы қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсынсын.

 

Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады.

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

 

Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ақмола облысы әкімнің аппараты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76, РБ бөлім /127 бөлме/, Мансуров Қанат Жүсіпұлына.      

Анықтама телефоны (7162) 40-23-47. Факс (7162) 25-55-83. E-mail: abylai.kon2013@mail.ru 

 

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.

 

Конференцияға қатысу үшін (мақаланы жариялау туралы) берілетін өтінім нысаны:

 

А.Ж.Т. (толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Пошта мекен-жайы, индекс

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекен-жай

 

Бағыт (секция)

 

Баяндама тақырыбы

 

Техникалық құралдарға деген мұқтаждық   

 

Қонақ үйге деген мұқтаждық

(санаты және ұйғарынды құны)

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

Университет сайты: www.kgu.kz

 



552

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler