қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.11.2018

Құрметті әріптестер!


Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына арналған «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында өткізілетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.


Конференцияда талқылауға ұсынылатын негізгі бағыттар:

1. Мәдени мұраны сақтаудағы мәдениет жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасының рөлі;

2. Қазіргі заманғы технологияларды дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері;

3. Ақпараттық қоғам және 4-ші өндірістік жаңғыру кезеңдегі мәдениет;

4. Спорт заманауи қоғамның мәдени мұрасы ретінде;

5. Материалды емес мәдени мұра жасөспірімдерді жалпыға ортақ ойды дамыту жағдайындағы тәрбиелеу құралы ретінде;

6. Мәдениаралық байланыстардың кейбір мәселелері.

 

Өтініштердің нәтижелері бойынша мәселелер ауқымы кеңейюі мүмкін. Конференция жұмысына ғалымдар, оқытушылар, ғылым саласындағы қызметкерлер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ, осы мәселелерді талқылауға мүдделі тұлғалар шақырылады.


Өткізілетін уақыты: 15 қараша 2018 жыл, сағат 10.00


Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бас оқу ғимараты, № 225 аудитория

 

Ақпаратттық хат



260

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler