қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.08.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D010300-Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Алтынбек Қошқарбайұлы Мошқаловтың «Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

       Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшілер

Б.А. Тұрғынбаева - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, п.ғ.д, профессор

П.Т.Костова-Великотырнов университетінің профессоры, доктор (Болгария Республикасы).

       Рецензенттер:

       К.Ж.Бұзаубақова-Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент

       Ж.Қ.Нұрбекова- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қорғау  2013 жылы 26 қыркүйекте сағат  14.00 де Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы 6D010000 -Диссертациялық кеңесінде төмендегі мекен жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, 2 қабат, мәжіліс залы, сайт - www.kaznpu.kz

е-mail: amirova57@mail.ru

 

Аннотация

 

Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы

 

Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы

 

Зерттеудің көкейкестілігі

Қазақстан қоғамында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан интеграциялық үрдістер, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітіретін мамандарға қойылатын талаптарды күшейтуде. Сондықтан да жоғары оқу орындарында уақыт талабына сай білім мен ғылымды игерген, сауатты да салауатты, шығармашыл, кәсіби құзыретті, ақпараттық мәдениеті қалыптасқан мамандар дайындаудың қажеттілігі артуда.

Қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы еліміздің ғаламдық ақпараттық үрдістерге ілесуін жеделдетуде. Өйткені қазіргі уақытта кез келген іс-әрекетте жоғары сапаға жету, адамның ұтқыр болып, өз бетінше жылдам ықпалды шешім қабылдай алуын  ақпараттық технологияларды меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. Жоғары оқу орындары тәжірибесінде ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану болашашақ маманның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Сонымен

Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттерді зерделеу барысында:

-        қоғамда қалыптасқан еркін, ұтқыр, біліктілігі жоғары, өзін - өзі дамытуға, өзін - өзі шығармашылықпен іске қосуға қабілетті маманға деген сұраныстың артуы мен студенттердің өзін-өзі дамытуына  ықпал ететін ақпараттық орта жасаудың әлі де болса төмендігі;

-        жоғары оқу орындарында пәндерді оқытуда білім-білік, дағды беру тәжірибесінің басымдылығы мен олардың белсенді түрде өз бетінше білім алып, өзін-өзі дамытуына ықпал ететін ақпараттық технологиялардың мүмкіндігінің толық пайдаланылмауы арасындағы қарама - қайшылықтардың бар екені айқындалды.

Аталған қарама-қайшылықтар жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісін ақпараттандыру негізінде  тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен дамытуын қамтамасыз ету мәселесін туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық тұрғыда қарастыруды талап етті.

Бұл зерттеу тақырыбын «Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде студенттің өзін - өзі шығармашылықпен дамыту мәселесін теориялық - әдіснамалық  тұрғыда негіздеу, практикалық жолдарын айқындау

Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орынындағы оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеудің пәні: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы студенттің өзін - өзі шығармашылықпен дамытуы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орынындағы оқу үрдісіндегі дамытушылық ақпараттық ортада тұлғаның дамуы мен өзін - өзі дамытуы жайлы теориялық білімдер беріліп, практикалық әрекеттер арқылы тетіктері меңгертілсе, онда олардың кешенді сапасы болып табылатын өзін -өзі шығармашылықпен дамытуының тиімділігі артады, бұл жағдайда болашақ маманның  адам,  тұлға, маман ретінде өзін-өзі дамытудың субъектісі болуы жүзеге асады.

Зерттеудің міндеттері:

      1. Тұлғаның өзін - өзі шығармашылықпен дамыту мәселесінің теориялық - әдіснамалық тұғырларын айқындау.

     2.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың студенттің өзін - өзі дамытудағы әлеуетін сипаттау.

     3.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы студенттің  өзін-өзі дамытуының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

     4.«Өзін-өзі дамыту негізі» атты арнайы курс бағдарламасын дайындап, тәжірибеден өткізу.

Зерттеу жұмысының жетекші идеясы - қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде студенттерге оқыту бағдарламасы бойынша белгілі бір білімді меңгертіп қана қоймай, білімдік үрдісте шығармашылықпен өзін -өзі дамытуына негіз болатын ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, олардың болашақта педагогикалық мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, жаңашыл, кәсіби құзыретті ұстаз болуына ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздерін: диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның даму мен әрекет теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы, үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білім теориялары, тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы және білімді ақпараттандыру тұжырымдамалары,  дамыта оқыту, тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйелері жайлы зерттеулер құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:         

       1.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды.

       2.Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуын нәтижелі ететін теориялық тұғырлары, мазмұны мен әдістері белгіленген, соңғы нәтиже жоғары деңгейде өзін өзі дамытушы тұлғаны қамтамасыз ететін құрылымдық, мазмұндық моделі жасалды, көрсеткіштері мен белгілері айқындалды.

       3.Cтуденттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуына негіз болатын  «Өзін - өзі дамыту негізі» атты арнайы курс бағдарламасы дайындалып, университет сайтына енгізілген электрондық оқулық әзірленді.

       4.Жоғары оқу орындарының оқыту үрдісінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамыту үшін   ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық эксперимент жасалып, нәтижелері қорытындыланды. Соның негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.

  Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу барысына дейін  арнайы курс бағдарламасы, университет сайтына тіркелген электронды оқулық,   ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы үшін дайындалған нақты әзірлемелер сияқты нәтижелерді жоғары оқу орындары, педагогикалық колледждерде және педагогикалық мамандардың біліктіліктерін арттыру институттары тәжірибелерінде пайдалануға болады.

 

 

 

 



609

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler