қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Есенова Қалбике Өмірбайқызы

Есенова Қалбике Өмірбайқызы

Есенова Қалбике Өмірбайқызы - филология ғылымдарының докторы, профессор.
«М.Әуезов публицистикасының тіл өрнектері» (2005), «Қазіргі қазақ медиа мәтінінің прагматикасы» (2007), «Педагогтік жұмыстың заманауи аспектілері», (2013ж., Одесса, авторлық бірлестікте) атты ғылыми монографиялық еңбектердің, «Қазіргі қазақ тілі» (2005ж., авторлық бірлестікте) оқу құралының, 250-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. ҚР Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін», «Қазақша-ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша-орысша іскери тілі сөздігін» құрастырушылардың бірі.
ҚРБжҒМ гранты бойынша «Қазақ жазуының даму жолдары мен қалыптасу кезеңдері», «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті», «БАҚ құралдарының тілі мен стилі» , «Тіл және сөз стилистикасының лингвокогнитивтік аспектісі», «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі» атты ғылыми жобалардың жетекші авторларының бірі.
Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда (ҚХР, Испания, Түркия, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, т.б.) баяндама жасаған, 100-ден астам біліктілікті дамыту сертификаттарының иегері.
Прагмалингвистика, лингвосаясаттану, медиалингвистика, саяси дискурс, дискурс теориясы, коммуникативті лингвистика, қазақ медиамәтінінің дамуы, публицистикалық стильдің ғылыми-теориялық негізін жаңа бағытта таныту мәселелерін қарастырады.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler