қазақша · русский · english
   

Белгілі көшбасшылар
Мазмұны:
Саяси көшбасшылар
Мәдениеттегі көшбасшылық
Спорттағы көшбасшылар
Әскери көшбасшылар
Саяси көшбасшылар



Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері,1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Қазақ КСР президенті (1990-91 жж.), Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы (1984-89 жж.); 1989-91 жж. Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990-1991 жылдары КП ОК саяси бюросының мүшесі. «Ұлт көшбасшысы» Елбасы ресми титулының иесі. 2015 жылы сәуірде мерзімінен ерте президенттік сайлауда бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми мәліметтер бойынша сайлаушылардың 97,75 % дауысын жинады. Посткеңестік кеңістікте билікте отыру ұзақтығы боойынша рекорд иегері (1989 жылдың 22 маусымынан бастап ширек ғасырдан артық уақыт республиканың бірінші тұлғасы болып табылады).
КСРО-ның ыдырауына дейін КОКП мүшесі болды. Қазақстан Республикасының Конституциясымен мемлекет басшысына қандай да бір партияда мүшелікте болу мен оны басқаруға тыйым салынған. Дегенмен, ол «Нұр Отан» саяси партиясын қолдайтын. 2007 жылы Конституцияға енгізілген өзгертулерге байланысты Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының басшысы қызметіне ресми түрде кірісті.
«Қазақстан жолы», «Қазақстанның болат профилі», «ХХІ ғасыр табалдырығында» «Н.Ә. Назарбаев. Еуразиялық одақ: идеялар, тәжірибе, перспективалар. 1994-1997», «Тарих толқынында» және т.б. кітаптардың, сондай-ақ, көптеген ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.

«Баяғыдан көшті басқару - көшбасшы үшін сынақ, ал оның жанында бір және ұйымшыл болу - халық үшін сынақ болып қабылданған».

 

Дінмухамед Ахметұлы Қонаев (1912 жылы 12 қаңтар, Ресей империясы Верный (Алматы) - 1993 жылы 22 тамыз, Алматы, Қазақстан) - кеңестік мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, 1960-1962 жылдар және 1964-1986 жылдар аралығында Қазақ КСР Компартиясы ОК-ның бірінші хатшысы, КПКО ОК Саяси бюросының мүшесі (1971 жылғы 9 сәуір - 1987 жылғы 28 қаңтар), үш мәрте Социалистік еңбек ері (1972 ж., 1976 ж., 1982 ж.). 100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1952). 1939 жылдан бастап КОКП мүшесі. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты: Қазақ КСР-дан Ұлттар кеңесі 4-5 шақырылым [1][2] , Алматы облысынан Одақ Кеңесінің 6-11 шақырылымдары (1954-1989).
Қазақстан мен республикалардың Коммунистік партиялары басшыларының ішіндегі жергілікті ұлт пен Қазақстан тумасы болған аздаған қатарында (18-дің 3-і ғана). Сонда да айта кететіні, олар жалпы жиынтығында олар республиканы оның жалпы өмір сүруінің жартысынан көбінде басқарғанын айта кету керек: Қырғыз Автономиясы ретінде өмір сүрген кезеңді есепке алғандағыы 71 жылдың 36-сында.
Д.А. Қонев кезінде Қазақстан экономикасының елеулі түрде өсуіне қол жеткізілді, республиканың өнеркәсіптік әлеуеті елеулі түрде артты (негізінен кен өндіру, шикізат салалары мен оларға қызмет көрсететін энергетика есебінен), ауыл шаруашылығы бойынша жыл сайынғы астықтың атақты «миллиард пұттарына» көптеген мәрте қол жеткізілді.
Марапаттары: Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Еңбек ерлігі» үшін медалі, «Еңбек озаттығы үшін» медалі, сондай-ақ, Георгий Димитров ордені (1982, Болгария), Сухэ-Батор орден (1974, Монголия), 1948 жылғы 25 ақпан ордені (1982, Чехословакия) және тағы басқалар и др.

«Мен өз халқыма әрдайым адал қызмет еттім және соңғы күніме дейін қызмет ететін боламын»


Мұстафа́ Шоқа́й (1890 жылы 25 желтоқсан, Әулие-тараңғыл, Түркістан өлкесі, Ресей империясы - 1941 жылы 27 желтоұсан, Берлин, Үшінші рейх) - қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист, Бірыңғай Түркістанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес идеологы. Ресейдегі азаматтық соғыстан Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін (1921-1941) Францияда мәжбүрлі түрде эмиграцияда болды.
Бостандық сүйгіш ойлармен шабыттанған Шоқай 1917 жылы Ташкентте «Бірлік Туы» газетін шығаруды бастады, онда алғаш рет түркі тілдес халықтардың тәуелсіздігі туралы жария етті, сондай-ақ, орыс тілінде демократиялық идеяларды насихаттаған «Азат Түркістан» («Свободный Туркестан») газетін шығарды.
Оның көптеген еңбектері қайтыс болғаннан кейін жарияланды: «Түркістан Кеңестердің билігі астында (пролетариат диктатурасының сипататмасына)», «Алматы, «Айқап», 1993.; «Таңдамалылар» (2 том), Алматы, Қайнар, 1998.; «Түркістандағы революция. Ақпан дәуірі» - «Тарих сұрақтары», 2001,; «Орталық Азиядағы ұлттық қозғалыс». Шоқайдың Кавказ, Туркия және Батыс Еуропа елдерінің газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде жазылған және жарияланған көптеген мақалалары әлі күнге дейін қазақ және орыс тіліне аударылмаған.

«...Гёте, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сынды кемеңгерлерді тәрбиелеп өсірген ұлт өкілдері әскери тұтқындармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көре отырып ... мен Түркістан легионын басқара алмаймын...»

 

Мәдениеттегі көшбасшылық
Спорттағы көшбасшылар


Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (1951). Олимпиада чемпионы атанған алғашқы этникалық қазақ  Классикалық стильді кеңес балуаны, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері.  Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Чапаев» кеңшарында дүниеге келді. Жақсылық мектепте ұлттық күрес - қазақша күреспен айналысты.
1971 жылы Қазақ КСР чемпионатын жеңіп алды. Сол жылы басқа бапкерге өтіп, классикалық күреспен айналысып, ҚКСР чемпионатын тағы жеңіп алды. Жыл өткеннен кейін Жақсылық Үшкемпіров КСРО чемпионатында бесінші орын алды, ал 1973 жылы ел біріншілігінде қолаға қол жеткізді. Осыдан кейін қазақ балуанын КСРО олимпиадалық құрамасына қосты.
1980 жылы Мәскеуде Жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Балуан 48 килограмм салмақта қатысты. Төрт күрестен кейін Жақсылық Кеңес одағына жеңіс сыйлап, өзі олимпиада чемпионы деген атаққа ие болды.
2004 жылдан бері Жақсылық Үшкемпіров ҚР Спорт комитеті төрағасының кеңесшісі болып табылады, ал 2008 жылдан бері Қазақстан туризм және спорт министрінің күрес түрлері бойынша кеңесшісі болып табылады.
Жақсылық Үшкемпіровтың спорттық жетістіктерінің арасынан Әлем чемпионы атағын (1981), Әлем кубогінде екінші орын (1982), Еуропа чемпионатында екінші орын (1980), КСРО чемпионатында екінші орындар (1978, 1979) және КСРО халықтарының Спартакиадасында бірінші орындары да бар.  

«Барлығына шыдамның арқасында қол жеткіздім»


Серік Жұманғали́ұлы Сапи́ев (1983 жылдың 16 қарашасында туылған) - қазақстандық боксшы, 2005 және 2007 жж. әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылғы Вэл Баркер кубогінің иегері.
Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007, 2009). 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Азия ойындарынң жеңімпазы (2010). Бірқатар ірі жарыстардың медальдары мен сыйлықтарының иегері. Қазіргі таңда Қазақстанның ең атақты боксшысы.
2012 жылғы Лондондағы жазғы олимпиада жапон Ясухиро Судзукиді (25-11), венесуэлалық Габриэль Маэстре Пересті (20-9), ресейлік Андрей Замковыйды (18-12), финалда жарыс қожайыны британдық Фрэдди Эвансты жеңіп 69 кг. дейінгі салмақта олимпиада чемпионы атанды.
Серік Сәпиев Лондон олимпиадасы қорытындысы бойынша Вэл Баркер кубогіне - 1936 жылдан бері Олимпиада ойындарының ең тәсілді боксшысына берілетін сыйлыққа ие болды. Сәпиев бұл айтулы сыйлыққа ие болған олимпиада чемпиондары Василий Жиров (1996) пен Бахтияр Артаевтан (2004) Қазақстанның үшінші өкілі болып отыр.
Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «ЮНЕСКО-ның спорт бойынша чемпионы» атағы берілген әлемдегі 13-спортшы атанды деп хабарлайды «Астана спорт».
«ЮНЕСКО-ның спорт бойынша чемпионы» (UNESCO Champion for Sport) - бүкіл әлемде ЮНЕСКО-ның идеяларын жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін физикалық тәрбилеу мен спортты насихаттай отырып таратуға ықпал ететін әлемдік деңгейдегі біртуар спортшыларды марапаттайтын атақ. «Жеңіліссіз жеңістер болмайды»


Денис Юрьевич Тен (1993 жылы 13 маусым, Алматы) - жеке разрядта өнер көрсететін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Төрт континент чемпионатының чемпионы, 7-қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU аясындағы алуан түрлі халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы. «Астана» Кәсіпқой Президенттік Клубының мүшесі.
Денис Тен - тәуелсіз Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындары (2014), Әлем чемпионаттары (2013, 2015), Төрт континет чемпионаты (2015), Қысқы Азия ойындарында (2011), сондай-ақ, Гран-При кезеңдерінің медальдарына ие болған бірінші және жалғыз спортшы. Юниорлар арасында Гран-При кезеңінде (2008) алтынға ие болып, ол ИСУ жарысының медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы болды.
Бильманн айналуын орындайтын аз ғана ер мәнерлеп-сырғанаушылар қатарына кіреді.  2015 жылғы 26 сәуірдегі жағдайға сәйкес Халықаралық коньки тебушілер одағының рейтингінде үшінші орында орналасқан.
«Біз Қазақстанды мәнерлеп сырғанаудың әлемдік тарихына кіргіздік»

 

Генна́дий Генна́дьевич Голо́вкин (1982 жылғы 8 сәуір, Қарағанды) - жеңілмеген қазақ кәсіпқой-боксшысы. Әуесқойлар арасындағы 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы. WBA (2010-қ.т.), IBF (2015-қ.т.), IBO (2011-қ.т.) версиялары бойынша әлем чемпионы, WBC (2014-қ.т.) бойынша уақытша чемпион. The Ring журналы бойынша салмағымен байланыссыз P4P үздік үш боксшы қатарына кіреді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы: 2000 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының бірінші Спартакиадасының жеңімпазы, 2001 жылғы Мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогінің жеңімпазы, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың жеңімпазы (2001 жыл), 2003 жылғы әлем чемпионы, Афинадағы XXVIII Жазғы Олимпиада ойындарының финалисті (2004 ж.). 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
2013 жылдың аяғында USA Today беделді американ басылымының және The Ring журналы оқырмандарының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды.

«Рингтен тыс жерде мен байсалды жігітпін!»


Әскери көщбасшылар

Бауыржан Момышұлы (1910 -1982) - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, Мәскеу үшін шайқас қатысушысы, жазушы. 1910 жылы 11 (24 желтоқсанда) мұсылман отбасында дүниеге келеді (қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы). 1929 жылы 9 сыныпты аяқтайды. Мұғалім, Өнеркәсіп банкінде экономист, ауданның халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Алма-Ата қалалық әскери коммисариатында нұсқаушы, аудан прокуроры болып жұмыс істеді. Жұмыскер-шаруалар Қызыл әскерінде 1932-34 жж. және 1936 жылдан қатардағы қызыл әскер жауынгері болып бастайды. 1933 жылы полктік мектепті, артиллериялық әскери училищені бітіріп, артиллериялық офицер атанды. Қиыр Шығыста Кеңес Одағының маршалы В.К. Блюхердің қол астында қызмет атқарады. 1938 жылы шілде-тамызда жапон Квантун әскерімен Хасан көлі маңында артиллериялық батарея командирі ретінде шайқасқа қатысады. 1939-40 жж. Украинада қызмет атқарып, Карпатқа жорыққа және Бессарабияны қосуға қатысты. Ұлы Отан соғысының шайқастарында 1941 жылдың қыркүйегінен генерал-майор И.В. Панфиловтың қолбасшылығымен 316-атқыштар дивизиясының құрамында. 1982 жылы 10 маусымда 71 жасында Алматы қ. қайтыс болды. «Кеңсай» мазарына жерленді.

"Жастар игілікті дәстүрлерде тәрбиленуі тиіс. Дәстүр өткен шақтың өлі жәдігері емес. Бұл өткен шақта қазіргі мен болашақтың ұлы шайқастары үшін соғылып, қайралған мықты қаруы".


Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова - өзінің соңғы шайқасында жалғыз өзі 72 фашисттің көзін жойған кеңес пулеметшісі. Ол Кеңес Одағының батыры атағына ие болған алғашқы қазақ әйелі болып тұр. Қыздың шын есімі Мәнсия, ол Қазақ КСР Орал облысы Бөкей ордасы ауданында Жасқұс ауылында 1922 жылы 23 қазан күні дүниеге келген. 30 жж. қыздың әкесі Жиенғали қоймада қарауыл болып істейді, ұн ұрлады деп айыпталып, түрмеге түседі. Ал шешесі болса, күйеуіне жабылған әділетсіз жалаға шыдай алмай, қайтыс болып кетеді. Мұнымен Мәншүктің отбасындағы бақытсыздықтар таусылған жоқ, әпкесінің күйеуі қазақтардың ішіндегі алғашқы дәрігерлердің бірі болған Ахмет халық жауы атанып, сотталып, атылып кетті (1958 жылы ақталды). Әпкесі басқаға күйеуге тиіп, асыранды қызы Мәншүкке «Бәріне, туған әке-шешең Жиенғали мен Тойылша екенін және олардың қайтыс болғанын бәріне айт» деп қайталайтын. Дегенмен, Мәншүк жала жабылған әкесін ақтау үшін Сталиннің атына үш хат жіберді. 1942 жылы 13 тамыз күні Алматыда құрылған жекелеген 100-Қазақ атқыштар бригадасы (1943 жылғы 8 желтоқсанда 1-атқыштар дивизиясына өзгертілді) құрамында майданға ерікті болып аттанады. Басында Мәметованы штабқа кеңсе хатшысы ретінде, одан кейін алаңдық госпитальға медбике етіп белгіледі. Бос уақытында «Максим» пулеметінің құрылымын оқып-зерттеді (дәл атуды институт кезінде үйренген еді), сөйтіп, атқыштар бөліміне ауыстырылуына қол жеткізді. 1943 жылғы 15 қазанда Каалининдік майдан әскерлері құрамында соғысқан Мәметовалар Псков облысының Невель қаласын азат ету үшін шайқасты.
1944 жылғы 1 наурызда аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді (қайтыс болғаннан кейін).
«Нағыз батырлық қолда емес, жүрек пен баста»


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова - кеңес мергені, Ұлы Отан соғысы жылдарында Балтық жағасы майданының 2-әскерінің 54-жеке атқыштар бригадасында ефрейтор болып қызмет етті. Кеңес одағының батыры (1944, қайтыс болғаннан кейін). Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Бұлақ ауылында дүниеге келеді (қазіргі Ақтөбе облысының Қобда ауданы). Балалық шағында ата-анасынан айырылады. Қыздың анасы, Маржан Молдағұлова аштық кезінде қайтыс болады. Әкесі, Нұрмұхамет Сарқұлов отбасымен бірге тұрған жоқ, байдың ұрпағы ретінде билікпен қудалануы мүмкін (бірақ, сотталмаған). Әлия бұл мергендер мектебінің бірінші іріктеуіне түсті. Ол сол кезде Мәскеу маңындағы Вешняки елді-мекенінде орналасқан ғимаратта қазір Мәскеу гуманитарлық университеті орналасқан (Юность к, 5 үй). Ленинград-Новгород операциясы барысында 1944 жылғы қаңтардың басында 54-атқыштар бригадасы шеп бойымен адымдап Новосокольники қаласына (Псков облысы) жылжыды, мұнда қарсылас қорғанысын бұзып өтіп, солтүстікке алға қарай шықты. Әлия қызметін атқарған 4-батальон саяси жеткешісі Г.В. Варшавскийдің естелігі бойынша бригаданың бөлімдері Насва станциясы маңындағы темір жолға шығады, мұнда қарсыластың күшті отының астында қалады. Қорғаныстың бірінші шебі сәтті бұзылғанына қарамастан, кеңес шабуылы неміс әскерлері жағынан күшті жауап от әсерінен тұнғышып қалды. Осындай қиын-қыстау сәтте Әлия Молдағұлова тіке тұрып: «Бауырлар, жауынгерлер, менің артымнан еріңдер!» деп айқайлады. Бір шабуылдар кезінде минаның ұшқыны тиіп, қолы жараланса да, неміс траншеясында өрбіген қоян-қолтық ұрысқа қатысады. Осы шайқас барысында Әлия екінші рет ол көзін жойған неміс офицерімен жараланады; алайда, екінші жарақат ажалды болып шықты. Оның есебінде қарсыластың көзі жойылған 78 жауынгері мен офицерлері.

«Батырларға тәжім ету біз өзіміз батырлықпен ниеттенетін болатындығымызбен көрінуі керек»

 

 

 

696
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler