қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.10.2018

«ХХІ ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары: рухани құндылықтар аясындағы тіл және мәдениет» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 26 қазан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың 125 жылдығына орай «ХХІ ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары: рухани құндылықтар аясындағы тіл және мәдениет» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын жаңарту контекстінде ғалымдар мен зерттеушілер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері, мұражайлар, мұрағат қызметкерлері, білім беру баспасөзінің және қоғам қайраткерлерінің өкілдері, тіл, әдебиет, журналистика, аударма және оқыту әдістемесін талқылауға шақырылады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институтына хабарласуға болады.

 

Мерейтойға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

 

Конференция материалдары жинағын құрастыру сұрақтары бойынша: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жүнісова Майра Әбибуллақызына, е-mail: zhmaira_71@mail.ru , Телефон: + 7 747 373 94 62, + 7 778 493 68-03.


Конференцияға қатысты қосымша сұрақтар бойынша: Филология ғылымдарының кандидаты Сарыбай Майра Шорақызына хабарласа аласыз, e-mail:  mairasar@gmail.com , Телефон: + 7 747 779 0305.

 

Тіркелудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 16 қазан, 17:00 сағат.

 

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

 

 



354

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler