қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.09.2018

  

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

ЮНЕСКО кафедрасы

Сорбонна-Қазақстан институты

 

 

 

2018 жылғы 26 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу орнын 21 жыл басқарған белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың 80 жылдығына арналған «Садықов оқулары: Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

 

Мерейтойлық конференцияның мақсаты ҚР ҰҒА академигі Т.С.Садықовтың шығармашылық мұрасының өзектілігі және оны кеңінен насихаттау.

 

Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. Қазақстанның жаңа сандық модернизация кезеңіндегі педагогикалық және психологиялық білім беру мәселелері

2. Тарих білімінің өзекті мәселелері

3. Қазіргі таңдағы үздіксіз білім беру жүйесінде қоғамдық сананы жаңғырту

4. Қазіргі заманғы әлемдік экономика және халықаралық-құқықтық қатынас

5. Қазақстанның жастар саясаты: мәселелері мен келешегі

 

Конференцияға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қазақстан мен шетелдердің белгілі ғалымдары, академиктер, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы, 13, № 225 мәжіліс залы.

 

Конференцияның ашылу күні мен уақыты: 26 қыркүйек 2018 ж., сағ. 10.00.


Байланыс телефондары: 8(727) 291-59-66, 293-85-93

 



147

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler