қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.09.2018

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D011100 - Информатика мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Аккасынова Жамиля Кажыгалиевнаның «Оқытудың халықаралық кластерлік моделі негізінде информатика мұғалімін кәсіби дайындауды жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - орыс тілі.

 

Ғылыми кеңесшілер:            

Бидайбеков Есен Ықласұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Камалова Гульдина Большевиковна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Пак Николай Инсебович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің Информатика және білім берудегі ақпараттық технологиялар базалық кафедрасының меңгерушісі, Красноярск қ., Ресей Федерациясы.

 

Рецензенттер:

Гриншкун Вадим Валерьевич - 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Нұрбекова Жанат Құнапияновна - 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика, білімді ақпараттандыру)  мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

 

Қорғау 2018 жылғы 6 қазанда сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді.

 

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 (3-қабат, 322-кабинет).

 

Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба

 

 

 

 



498

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler