қазақша · русский · english
   


ДОКТОРАНТУРАҒА ТАПСЫРУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

            Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр академиялық дәрежесі болуы керек (мемлекеттік білім беру грантын алу  конкурсына қатысу үшін  магистратураны бітіргендегі GPA үлгерім көрсеткіші 3,33- тен (4,0 баллдық жүйе бойынша) немесе 90 пайыздан (100 пайыздың) кем болмауы қажет);шет тілін қабылдау емтихан талаптары деңгейінде жеткілікті меңгерген болуы тиіс.

 

1) Ректордың атына өтініш ( үлгі бойынша); 

 

2) Отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша (ғылыми  жетекшінің  қолы  жұмыс орнының мөрімен расталуы қажет) жoбаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі ( тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны мен пәні, ғылыми жаңалығы, күтілетін ғылыми нәтижесі, теориялық және қолданбалы маңызы, болжамдағы диссертациялық жұмыстың құрылымы);

 

3) Жеке куәліктің көшірмесі - 3 дана;


4) Докторантураға құжат  тапсырушының  сауалнамасы ( көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады);

 

5) Жоғары және жоғару оқу  орнынанкейінгі білімі  туралы құжаттарының және қосымшаларының  нотариалды куәландырылған көшірмелері ( дипломдар мен транскрипттер );

 

6) Ұсыныс хат (ұйымның мөрімен расталған);

 

7) Ғылыми  жарияланымдарының және оқу-әдістемелік құралдарының ғалым хатшы куәландырған тізімі;

 

8) 086-У медициналық анықтама (флюорография кескіні міндетті түрде болуы керек);

 

9) Кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;

 

10)  Еңбек кітапшасының  нотариус куәландырған көшірмесі;

 

11) Егер бар болса  шет тілін тапсырғаны туралы сертификат - TOEFL , IELTS  және т.б.

 

12) Мекен-жай туралы анықтама (ХҚКО);

 

13) 3×4 көлеміндегі  6 фотосурет;

 

14) Құжаттарының тізімдемесі.

 

            Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторантураға  талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына мақсатты даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.


Қабылдау емтихандары:

 

1) Шетел тілінен ( ағылшын, неміс, француз) стандартталған сауалнама технологиясы бойынша емтихан;

 

2) Мамандық пәнінен емтихан.

 

 

 

1050
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler