қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.06.2018

Қазақстан-Ресей білім саласындағы зерттеулерге арналған семинар

 

2018 жылдың 2-3 шілдесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан-Ресей білім саласындағы зерттеулерге арналған семинар өткізіледі.

 

Алқалық жиында көрнекті ғалым, профессор, Ұлттық Зерттеу университеті Жоғары экономика мектебінің Білім беру институтының директоры И.Д.Фрумин, ЖЭМ Білім беру институты директорының орынбасары С.С.Малиновский, профессор В.А.Болотов баяндама жасайды.

Семинар барысында білім беру сапасын бағалау жүйесі, практикалық бағалау, әр түрлі ойыншылардың бағалауын ендіру, посткеңестік елдерде трансформация мектебі, жоғары білім теңсіздігі сияқты мәселелер қарастырылады.


Топтық жұмыстар бойынша секциялар модераторлары П.А. Сергоманов, баяндама тақырыбы: «Цифровая трансформация современной школы»; Е.Ю.Карданова, баяндама тақырыбы: «Дизайн оценки (разработка тестов)».


Семинардан күтілетін нәтижелер:

- университеттің барлық ғылыми-педагогикалық күштерін педагогика ғылымындағы қазіргі мәселелерді талқылауға тарту;

- университеттің ғылыми-зерттеу ресурсын жоғары педагогикалық білім деңгейі ретінде одан әрі қалыптастыру мәселелері айналасында ортақтастыру және шоғырландыру, қоғамдық атмосферасын жасау;

- қатысушылар педагогикалық зерттеулер аясында бағдарлы жоспарлар жасау арқылы өз саласында білімін тереңдету және жаңа зерттеу бағыттарын анықтау мүмкіндігін алады;

- магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу жобаларын жазу әдістері мен әдіснамасын үйренеді.

 

 

Ғылым департаменті


 



185

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler