қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Жұмагұлов Болат Сағидоллаұлы

Жұмагұлов Болат Сағидоллаұлы

Болат Сағидоллаұлы ЖҰМАҒҰЛОВ

 (24.11.1951. Қоныстану ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы). Тарихшы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002). Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1978).

Тарих ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2003), ҚазҰПУ-нің профессоры (2011).

Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайының аға ғылыми қызметкері (1978-1982). Абай ат. ҚазПИ-дің Жалпы тарих кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы (1979-2003). Абай ат. ҚазҰПУ-дың Жалпы тарих кафедрасының доценті (2003), профессоры (2011), тарих факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1993-1997), тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1997-2008), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу басқармасының бастығы (2008-2011), жалпыуниверситеттік пәндер факультетінің деканы (2011-2012), тарих факультетінің деканы (2012 жылдан), Тарих және құқық институтының директоры (2015 жылдан бүгінге дейін).

Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1998), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002), «Ы. Алтынсарин» (2009), университеттің білім беру саласындағы табыстары мен қоғамдық істеріндегі жетістіктері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті қызметкер» (2011) және «Айрықша еңбегі үшін» (2013) төсбелгілерімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ғылыми ізденіс саласы: XX ғ. 20-30 жж. Кеңес өкіметінің аграрлық саясаты мен Қазақстанның батыс өңіріндегі шаруалардың қарсыласу қозғалыстары, XIX-XX ғғ. Батыс Қазақстандағы қала халқының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуы мәселелерін зерттеумен айналысады.

 Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Кеңес өкіметінің аграрлық саясаты және Адай көтерілісі (1922-1933жж.)».

70-тен астам ғылыми мақалалар және 1 оқу құралын жариялаған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бакалавриат және магистратура): 020340-Тарих, 030540-Тарих, құқық және экономика негіздері, 050114-Тарих мамандықтары бойынша авторы.

5В0111500-құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу тобының жетекшісі.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler