қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.05.2018

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011600 - География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алиаскаров Думан Тоқтарұлының «Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері (Текелі және Жезқазған қалалары мысалында)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.


Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Бейсенова Әлия Сәрсенқызы - география ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.
Емин Атасой - PhD доктор, Улудаг университетінің профессоры (Бурса қаласы, Түркия Республикасы).


Рецензенттер:
Саипов Әбдімәжит Аманжолұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы - география ғылымдарының кандидаты, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті.


Қорғау 2018 жылдың маусым айының 25 жұлдызында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D010000 - Білім беру (жаратылыстану және география)» бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді.


Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би көшесі 30, 602 аудитория. e-mail: www.kaznpu.kz@mail.ru 

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


 



1014

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler