қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.05.2018

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ БАЙҚАУ!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды


 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ - 5


1. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы: аға оқытушы-1;

2. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы: аға оқытушы - 1;

3. Арнайы білім беру кафедрасы: аға оқытушы - 1;

4. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 1;

5. Педагогика және психология кафедрасы: аға оқытушы - 1.

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ - 9


1. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) - 1; аға оқытушы - 2;

2. Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы: профессор - 1 қауымдастырылған профессор(доцент) - 1; аға оқытушы - 2;

3. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2.

 

ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ - 8

 

1. Шығармашылық мамандықтар кафедрасы: аға оқытушы - 2;

2. Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2;

3. Музыкалық білім және хореография кафедрасы: профессор - 1; аға оқытушы - 1;

4. Дене мәдениеті мен спорт педагогтарын даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2.

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

 

Байқауға қатысу үшін үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет:

1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі;

7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);

8) №086 медициналық анықтама, флюорожазба;

9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

11) № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

12) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

13) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).


Конкурсқа құжаттар 2018 жылғы мамырдың 05-нен маусымның 04-не дейін (қоса алғанда) қабылданады.

 

Құжаттар келесі мекен-жайда қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13

 

Персоналды басқару бөлімі (№103 бөлме): сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29.

 



311

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler