қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.05.2018

Хабарландыру

 

2018 жылдың 15 мамырында, сағат 10.00-де Ғылым ордасы концерт залында (Құрманғазы 29) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі,филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызы Оралбайдың 90 жасқа толуына арналған «Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми бағыттар және оқытудың заманауи әдістері» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді беру институты ғалымдар, оқытушылар, арнаулы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері, докторанттар, магистранттар мен студенттерді Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияның қосымша ақпараты жөнінде мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты, практикалық тілдер кафедрасы, 516-кабинет (Қазыбек би,30), Шаханова Розалинда Әшірбайқызы, тел.:+ 7-701-7312097; Османова Зейнеп Жалалықызы, тел.: + 7-701-3126062; қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы, 422-кабинет (Достық даңғылы,13) Даулетбекова Жанат Турарбекқызы, тел.: +7-707-2172882; Балтабаева Жаңалық Қылышқызы, тел.: +7-701-6661207.

 

 

Филология және көптілді білім беру институты

Практикалық тілдер мен қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедралары

 

 



565

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler