қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.04.2018

Құрметті студенттер мен магистранттар!

 

2018 жылғы 11 сәуірдегі ҚР БжҒМ №145 бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға (Еуропа мемлекеттері) 10 орынға бюджеттік қаражат бөлінді.

 

Осыған орай, 2018-2019 оқу жылына студенттер мен магистранттарға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға іріктеу жарияланады.


Іріктеудің негізгі талаптары:

- ағылшын тілін білу - сертификат В2 деңгейінде (IELTS сертификаты - 5.5 және одан жоғары, TOEFL - деңгейі 60-70);

- транскрипт - GPА балы 3,5 жоғары болуы керек;

- мемлекеттік грант негізінде білім алушыларға.

 

Іріктеу ағылшын тілінде 2 кезеңнен өтеді:

1-кезең: Грамматикалық-лексикалық тест;

2-кезең: Сұхбаттасу.

 

Іріктеуге қатысатын барлық үміткерлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2018 жылдың 11 мамырына дейін академиялық ұтқырлық секторына өткізуі қажет (бас ғимарат, 403 кабинет, тел. 291-12-45).

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

 



696

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler