қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.04.2018

Түлектер Форумы

 

2018 жылдың 26 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика-психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігі аясында «БОПӘ түлектері Форумы» өтеді.


Форумның мақсаты - таңдаған мамандығының қоғамдағы сұранысқа ие екендігіне, мәртебелі орын алатынына студенттердің көзін жеткізу, мақтаныш сезімін туғызу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашақ педагогтарды кәсіби біліктілікпен қаруландыру.


5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша түлектер мен студенттерді Форумға қатысуға шақырамыз.


Ұйымдастырушы: Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы. Жұпат Астамбаева - 87772992677, Сажиля Нұржанова - 87019971984.


Өткізілу орны: Алматы қ., Төле би, 31., Педагогика және психология институтының 15 аудиториясында өтеді.


Қосымша: Түлектер Форумы байқауының бағдарламасы

 



507

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler