қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.03.2018

ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТТАР МЕН МАГИСТРАНТТАР!

 

2018 жылдың 12 сәуір күні Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚазҰПУ және Алаш: тағылым мен тағзым» докторанттар мен магистранттар арасында ғылыми жоба байқауы болады.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық және Алаш қайраткерлерінің 100-жылдық мерейтойына байланысты өтетін ғылыми жобалар сайысына барлықтарыңызды белсене қатысуға шақырамыз.

 

Ғылыми жобаның мақсаты: Отанға, ұлтқа адал қызмет етудің, мемлекетшілдіктің үлгісін көрсеткен, ұлттық дүниетанымның негізін қалаған, тілді, әдебиетті, тарихты, ұлттық мәдениетті құрметтеудің жолын көрсеткен Алаш зиялыларының мұрасын қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихымен, қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастыра зерделеу.

 

Ғылыми жоба байқауына төмендегі талаптар бойынша орындалған жұмыстар қабылданады:

- Жоба тұсаукесер түрінде ұсынылуы қажет (слайд 15 беттен кем емес).

 

Жоба құрылымы:

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды бөлім;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

 

Кіріспеде (екі беттен артық емес): таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.


Жұмыстың негізгі бөлімі мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін: осы ғылыми жоба тақырыбын ұсынудың маңыздылығына, оның мақсатын айқындауға, міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау; қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау; ғылыми жоба бойынша қол жететін нәтижелерді көрсету және оларды талқылау; суретті материалдарды (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер) пайдалану.

 

Қорытынды бөлім (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

 

Ғылыми жоба байқауына қатысатын магистранттар/докторанттар жұмыстарын 2018 жылдың 5 сәуіріне дейін төмендегі электронды поштаға салуларын өтінеміз: raeva09@mail.ruraigul.67@mail.ru


Жоба төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

- тақырыптың өзектілігі - 10 балл;

- жұмыстың ақпараттылығы - 10 балл;

- зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдалуы - 10 балл;

- жұмыстың тартымдылығы -10 балл;

- талапқа сәйкес рәсімделуі - 10 балл

 

Байланыс телефондары: 8-707-282-80-28 (Раева Гүлзат Мағауқызы); 8-707-181-23-27 (Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы).

 

 



694

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler