қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
01.06.2020

«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасындағы диссертацияны алдын-ала қорғау

 

2020 жылдың 25-26 мамырында Meet платформасы арқылы Математика, физика және информатика институты «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында «5В010900 - Математика» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғалуы өтті.

 

Іс-шараға диссертация жетекшілері - кафедраның доценттері Тұяқов Е.А. мен Л.У. Жадраева, Ералиев С.Е., қауымдастырылған профессор м.а. Искакова М.Т., профессор м.а. Қосанов Б.М., аға оқытушылар Нурмұхамедова Ж.М. мен Нурбаева Д.М. қатысты.

Студенттер өздерінің баяндамаларын ұсынып, жетістіктері мен мәселелері туралы әңгімелесті, атқарылған жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Профессорлар мен оқытушылар студенттердің баяндамаларын жоғары бағалады, көптеген қызықты сұрақтар қойылды, ұсынымдық сипаттағы ескертулер жасалды.

 

Түлектердің жақсы дайындалғаны атап өтілді. Студенттер дипломдық жұмысты жазу барысында жетекшілердің қолдауы өте маңызды болғандығын айта кетті.

 

   

 

   

 

   

 

Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы



142

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler